Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. «Тарихсыз - халық жоқ» деген нақыл бекерге айтылмаса керек.
«Ұлттың жады қабырғасы» - бұл нысан Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылында «Көп функционалды туристік кешен» құрамына кіретін ғимараттардың бірі. Ұлттың жады қабырғасы екі аркалы қабырғадан тұрады. Дүние жүзінің 46-дан астам елдерінен (Еуропа, Азия, Африка, Америка) және Қазақстан аумағынан Ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы арнайы әкелініп, капсулаларға салынды. Сондай капсулалар шетелден (100-ден астам дана), сондай-ақ Қазақстанан (100-ден астам дана) Ұлттың жады қабырғасына қойылды. Бетіне бабаларымыздың есімдері қара түсті «габро» ескерткіш тақталарда жазылып, қабырғаға орнатылды. Мұндай бірегей нысанның Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ.
Арыстан-Баб әулие (XI – XII ғғ.)
Есімі Отырар, Сайрам, Ясы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оған зиярат етушілер бейсенбі сайын басына түнеп, ғибадат етеді. Сопылық ілімнің аса көрнекті өкілдерінің бірі С.Бақырғани: «Бабтардың бабы — Хорасанда, сансыз бабтар Үндістанда, Бабтар басы — баба Арыслан» деп жырлаған. Қазақ бақсылары да: «Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб, Сіздерден медет тілеймін» деп әулиелерден демеу сұраған.
Алып Терек Қайырхан (1165 – 1219 жж.)
Отырар қаласының билеушісі, әмірі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласы Қазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханның замандасы. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.
Асан ата (Асан Қайғы) Сәбитұлы (XIV – 1465 ж.)
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек.
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675 – 1768 жж.)
Атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Атақозы батыр Айтқұлұлы (1704 – 1794 жж.)
Кіші жүзде аты аңызға айналған батыр. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жасақтарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан. 1726 жылы қалмақ ханы Сэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түскен. Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау қалмақтарымен соғысып, жеңіске жеткен. Ол сонымен қатар белгілі би, шешен кісі болған. Халық аузында батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. Атағозы Айтқұлұлы 1783-1797 жылдары болған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне де белсене араласқан. Бұл көтеріліс негізінен Кіші жүз халқының Әбілқайырұлы Нұралы ханға деген ашу-ызасының кемерден асып-төгілуі салдарынан болған. 1785 жылы шілде айында жиналып бас қосқан Кіші Жүз қазақтарының игі-жақсылары Нұралы ханның екіжүзділігін айыптап, сол кездегі Ресей патшайымы ІІ – Екатеринаға хат жазады. Сол талапхатқа Кіші Жүздің 29 руынан 21 рудың өкілдері – барлығы 55 адамның қатарында Адай халқының еркін білдірген Атағозы Айтқұлұлы, Өмір Сүйікұлы, Шотан Назарұлы батырлармен бірге Асан би де қолдарын қойған тарихи құжат сақталған.
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781 жж.)
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 – 1904 жж.)
Ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937 жж.)
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873 – 1919 жж.)
Аманкелді Үдербайұлы Иманов — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі. Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906 – 1968 жж.)
Ахмет Қуанұлы Жұбанов - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға.
2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары — Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев, архитектор — Женсен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады.
Асанбаев Ерік Мағзұмұлы (1936 – 2004 жж.)
Ерік Мағзұмұлы Асанбаев (10 наурыз 1936, Байғабыл ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы – 23 тамыз 2004, Алматы қаласы) – Қазақстан мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы (1978), Қазақстанның тұңғыш және соңғы Вице-Президенті.
ҚазМУ-ды (1958, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1959–1967 жылы ҚазМУ-да, Мәскеу қаржы институтында, Қазақ КСР-і Мемлекет жоспарлау комитетінің ғылым-зерттеу институтында, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігі жүйесінде (1973–1975) қызметтер атқарған.
Қазақстан Министр Кеңесінде бөлім меңгерушісі, іс басқарушысының орынбасары, 1988–1989 жылы Министр Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан КП ОК-нде бөлім меңгерушісі, кейін хатшысы (1989–1991) болды.
1991 жылдың сәуір–қазанында Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1991–1996 жылы ҚР-ның вице-президенті, 1994–1996 жылы ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарды. 1996 жылы ақпаннан 2000 жылға дейін ҚР-ның ГФР-дегі Төтенше және өкілетті елшісі болған.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (1942 – 2009 жж.)
Ақселеу Сейдімбек– белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры.
Ел өміріне, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, этнографиясына, дәстүрлі мәдениетіне, фольклорына қатысты дүниелерді молынан жинаған адам. Ақселеу Сейдімбек қазақ этнологиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қазақ мемлекеттілігінің құрылымын, бұрынғы кезеңдерде ел басқарудың тұрпатын, қазақ халқының жүз, тайпа, ру арқылы бірлесуін, әр жүздің елдік белгілері, таңбалары т.б. толып жатқан белгілерін нақтылап жүйеге келтіре отырып, ғылыми түрде негіздеді.
Әбілқайыр хан (1693 - 1748 жж.)
Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан, сондай-ақ, Әбілқайыр хан (1693 — 12 тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз-Жәнібектің алтыншы ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды.
Ол 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын тайпалардың арасына кетеді.
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин (1884 – 1953 жж.)
Әліби Тоқжанұлы Жангелдин — Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы.
1884 жылы Торғай облысы қазіргі Жанкелдин ауданында дүниеге келген. 1903 жылы Қостанай орыс-қазақ училищесін бітірген. 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін Қазан мұғалімдер семинариясынан және Мәскеу діни академиясынан «сенімсіздер» қатарына жатқызылып оқудан қуылды. 1909 — 1912 жылы шет ел халықтарының тұрмыс-салтымен танысуды (кейбір деректерде діни уағыздарды насихаттауды) мақсат еткен. Жангелдин Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Азия елдерін жаяу аралап, 1913 жылы Жапония арқылы туған жерге оралады. Ел аралап, киноаппаратпен шет ел халықтарының өмірі мен тұрмысына байланысты фильмдер көрсетіп, жергілікті халықтың саяси сауатын көтеруге ықпал етті.
Әбдіғапар Жанбосынұлы (1870 – 1919 жж.)
Әбдіғаппар Жанбосынұлы қазақ халқының — 1916 — 17 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай даласындағы басшысы.
Тілеулі батырдың ұрпағы. Арғы атасы Нияз би — Абылай ханның сенімді серігі, әкесі Жанбосын (1847 — 95) көп жылдар болыс болған. Анасы — Алуа Ақтасқызы (1840 — 1934) (Ақтас — Ахмет Байтұрсынұлының әкесінің ағасы). Әбдіғапар ауылында бастауыш мектеп ашқан. Ағаштан ою ойған шебер болған, суармалы егіншілікпен айналысқан, ақыл-парасатымен ел ағасы атанған. 1916 жылдың жазында Қараторғай болысының, кейін бүкіл Торғай уезінің көтерілісшілері Әбдіғапар маңына топтасты. Сол жылғы 21 қарашада Жалдама өз. бойында 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғапарды хан көтеріп, Кенесары қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелдіні Сардарбек етіп сайлады. Әбдіғапар ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демократиясы негізінде қайта құрды. Алдымен Әбдіғапар өзін хан деп атамай, әмір деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылғанға дейін метрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автон. аймақ деп санады.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 — 1970 жж.)
Ғалым және мемлекеттік қайраткер. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков 1891 жылы Ақтоғай ауданының Бөріктас ауылында дүниеге келді. Қарқаралы қалалық училищесінің үш классын сәтті бітірген соң, 1905 жылы Семей ерлер гимназиясына түсіп, 1912 жылы алтын медальмен бітірді. Кейін аттестат конкурсы бойынша Томск технологиялық институтына түсті, мында оның бүкіл өміріне әсер ететіндей Г.Н.Потанинмен кездесу болды.
1935 жылы КСРО ЖАК оған математика және теоретикалық механика профессор атағын берді. Алматы таукен металлургиялық институтта ол жалпытехникалық факультетінің деканы болды. 1948 жылы қайта он жылға тұтқындалады. Бұл тұтқындаудың үшінші толқыны болды. Тұтқынға дәрігерлер, суретшілер, жазушылар, мұғалімдер алынды. Оларды Сталин қайтыс болған соң 1955 жылы екі жылдан кейін босатты. 1955 ж., қазан айының 20-нан №3671 анықтамасында А.Ермеков босатылғаны және Қарағандыға тұратын мекеніне бағаны мәлімденген. 1955 жылдан бастап Қарағанды Политехникалық институтында қызмет атқарды. 1958 зейнетке шықты. Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқан тұңғыш математиканың қазақ профессоры толық ақталып, өз құқықтарын қалпына келтірді.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 - 1985 жж.)
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.
Әбілқас Сағынұлы Сағынов (1915 - 2006 жж.)
Әбілқас Сағынұлы Сағынов (27 желтоқсан 1915 жыл, Баянауыл, Павлодар облысы - 2006) - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986).
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.
1951 жылы Ә.С. Сағынов өзінің басшылығымен 1952 жылы Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (ҚКҒЗИ) болып түрленген Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институтының (БКҒЗИ) Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалды. Осы кезеңдеӘ.С. Сағыновтың, ірі ұйымдастырушы және үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен ҚКҒЗИ институты «Верхняя Марианна» көмір қабатын әзірлеуге және метанды қабаттарды газсыздандыруға байланысты ірі проблемаларды шешті.
Әбіш Кекілбайұлы (1939 - 2015 жж.)
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).
Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді. Шыққан руы Адай.
Бәйдібек Қарашаұлы (1356 – 1419 жж.)
Бәйдібек Қарашаұлы - қазақ халқының атақты биі әрі батыры. Шығыс Қаратау төңірегінде өмір сүріп 1419 ж қазіргі Алғабас ауданында қайтыс болып, Балабөген өзені жағасында жерленген. Ежелде орнатылған күмбезі сақталып қалған. Бәйдібек Ташкент қаласында 1356 ж дүниеге келген. 3 жасында ата анасы жау қолынан қаза тауып, жетім болып қалады. Ат мінгенде желден жылдам, мерген, қара күш балуан, көкпаршы, батыр болыпты. Бәйдібек өмірі жайлы тарихи деректер негізінде халықта сақталған шежіре, аңыздар және атақты шығыстанушылар Н.Аристов пен Ш.Уәлихановтың жазулары. Сол деректерге сәйкес Бәйдібек көшпенділерді біріктіріп, туған жерді жаудан қорғауға шақырған ірі тарихи тұлға әрі парасатты қолбасшы.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787 жж.)
Бұқар жырау Қалқаманұлы – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған.
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (1714 - 1772 жж.)
Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жүмабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Шоқан Уәлихановтың "Исторические предания о Батырах XVIII века" атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлұматтар бар. Мүнда да Баянның ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады.
Бекет ата Мырзағұлұлы (1750 - 1813 жж.)
Бекет Ата Мырзағұлұлы - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Бекет Ата бес мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда», бесіншісі Маңғыстау ауданы Тобықтыда дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897 жж.)
Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданындағы, Степняк қаласында дүниеге келген. Керей руынан шыққан. Қожағұл-Біржанның атасы, Тұрлыбай-Қожағұлдың баласы. Біржан – өмір бойы салдық құрып ел аралап, ән салып, сауық құрып жүрген сал. Ол әнді орындаушы ғана емес, белгілі композитор. Сонымен қоса ақындық пен әншілікті қоса меңгеріп, халық әндерін нақышына келтіре орындаған шебер әнші.
Біржан Арқада асқақ әншілік дәстүрді қалыптастырды. Жаяу Мұса, Ақан сері, Қанапия, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды әнші ақындар – Біржан қалыптастырған мектептің түлектері. Ал, Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиздар – Біржан әндерін халық арасына насихаттаушы, таратушылар. Кеңестік дәуір тұсында оның әндерін Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, К.Лекеров, Ж.Елебеков, М.Ержанов сынды өнерпаздар нақышына келтіре орындап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Ақындық, әншілік, композиторлық өнерімен қатар Біржан – суырып-салмалығымен танылған айтыскер ақын. «Біржан мен Сараның айтысынан» М.Имашев кандидаттық диссертация қорғады. Әйел теңдігі, махаббат, әлеумет сынды өзекті мәселелерді қозғаған айтыстың көркемдігі де жоғары. Оның әйгілі Сарамен айтысы – қазақ поэзиясы мен музыкасының үлкен табысы. Композитор М.Төлебаев қазақ опера өнерінің туындысы болған «Біржан – Сара» операсын жазды.
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864 - 1919 жж.)
Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1982 жж.)
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
1952-1956 жылы «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» деген алғашқы кітаптары жарық көрді.
Бақытжан Байқадамов (1917 - 1977 жж.)
Бақытжан Байқадамов 1917 жылы 24 наурызда Торай қаласында қазақ элитасының белгілі өкілі, аса білімді интеллигент Байқадам Қаралдиннің отбасында дүниеге келген.
Бақытжанның ата-анасы музыкалық жағынан дарынды адамдар болды: анасы Үрзипә көп өлеңдерді білуші еді, әкесі домбырада ойнап өлең айтатын. Бақытжанның музыкалық қабылеті ерте бастан көзге түсті, және де әкесі оның дамуына барынша атсалысты. Бақытжан бала кезінен-ақ музыкалық сауатты меңгерді, домбырада, сыбызғыда ойнады, өлеңдер жазды. Оның жетекшілері белгілі музыкашылар — Уахаб Қабиғожин мен Науша Бөкейхановтар болды.
Б. Байқадамов соңынан аса бай мұра — 200-ден астам жарқын да дарынды өнер туындыларын қалдырып кетті. Оның “Айгөлек”, “Домбыра”, “Ақ бидай”, “Су тасушы қыз”, “Өзіңсің”, “Сүйген сәулем”, “Теміртау жастарының маршы” сияқты өлеңдері — қазақстанның өлең өнерінің сарқылмас қазынасы.
Есім хан Шығайұлы (1565 - 1628 жж.)
Шығайұлы Есім хан – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
«Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді.
Түркістандағы Есім хан кесенесі – ХVІІ ғасырдың тарихи-сәулет ескерткіші ретінде республикалық мәртебеге ие.
Есет батыр Көкіұлы (1669 - 1757 жж.)
Есет Көкіұлы - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.
Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыр Қонтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады. Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастайды. Осындай шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар.
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926 - 2013 жж.)
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев — әйгілі опералық және камералық әнші (баритон), педагог, КСРО халық әртісі (1959), ҚазКСР халық әртісі (1956), профессор (1982), қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1986).
Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. Әкесі - Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев (1896-1976), педагог, жазушы, ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі, білім беру саласында еңбек етті. Анасы - Зылиха Сабырқызы (1906—1997), бастауыш кластар мұғалімі болды. Ермек Серкебаев үшінші сыныптан бастап оқуын Алматыдағы № 54 мектепте оқиды. 1941—1943 ж. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқып, отбасының материалдық жағдайына байланысты үш жылдан кейін, оны тастап, Қазақстан радиосына дикторлыққа келеді, оған қоса киностудияның кейбір фильмдерінде осы тұрғыда қызмет атқарды.
Еркеғали Рахмадиев (1932 - 2013 жж.)
Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1.08.1932 жыл, Семей облысы Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылы – 9.04.2013 жыл, Алматы) — композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.
Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.
Жошы хан Шыңғысұлы (1184 – 1227 жж.)
Жошы хан – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.
Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
Жәнібек хан Барақұлы (Әз-Жәнібек) (1428 - 1480 жж.)
Жәнібек хан, Кіші Жәнібек хан — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.
Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Жәңгір (Салқам Жәңгір) хан (1610 - 1652 жж.)
Жәңгір хан — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.
Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған.
Жәңгір хан Бөкейұлы (1801 - 1845 жж.)
Бөкейұлы Жәңгір хан — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.
Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкеніне берілетін, бірақ оның сыртта (Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде) оқып жүруіне байланысты, ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады.
Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады.
Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды.
Жәуке Назарғұлұлы (1822-1904 жж.)
Жәуке Назарғұлұлы - белгілі батыр, қолбасшы, Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрес басшыларының бірі. Орта жүз Арғын тайпасы Төлек руынан шыққан. Қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданда дүниеге келген.
Жәуке жастайынан өр мінезді, намысқой, дұшпанына қатал болып өскен. 1838 жылы Жәуке батыр Ресей империясының отаршылдық саясаты мен озбырлығына қарсы қазақ ханы Кенесары Қасымовтың көтерілісіне қосылып, Ақмола бекінісін басып алуда ерекше көзге түскен. Жәуке батырдың басқаруымен әскери сарбаздары бекініске алғашқылардың бірі болып кірген. Кейіннен Ақтау, Ор бекіністерін басып алған. 1842 жылы Иман мен Жәуке батырлардың табандылығымен сенімділігі арқасында Кенесары Қасымұлы Торғай жағалауында қыстап шығады. Кейіннен Кенесары ханның ордасы осы жерге көшіріледі.
Туған жері Сарыторғай ауылында Жәуке батырдың ескерткіші, Амангелді ауданының орталығында Иман, Жәуке және Қошқар батырларға мемориалдық-композициялық ескерткіш қойылған. Амангелді ауданы орталығындағы бір көше Жәуке батырдың есімі аталады.
1994 жылы қазан айында Сарыторғай ауылында Жәуке батыр Назарғұлұлының 175-жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді.
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945 жж.)
Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. 1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты.
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов (1915 - 1986 жж.)
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов (20 наурыз 1915 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Танакөл ауылында (Бабатай қыстауында) туған - 18 қараша 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеден озған) — мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыс техникумын (1932), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1955) бітірген.
Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды.
Исатай Тайманұлы (1791 - 1838 жж.)
Исатай Тайманұлы – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал "Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы" (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі.
Иманжұсіп Құтпанұлы (Баймырза) (1863 – 1931жж.)
Иманжүсіп Құтпанұлы - халық композиторы, әнші, ақын. Атасы Тұрғанбай датқа (1804 – 1850) Түркістан қаласы маңындағы Шілік өңірінің биі болған. Әкесі Құтпан Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысқан. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал, серілер дәстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, әнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлең де арнаған.
Патшалық Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған Иманжүсіп 19 ғасырдың аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлығына, әділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905 – 12 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісуға жер аударылады. Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп 1913 жылы атамекеніне оралып, Сырдария губубернясының Шиелі болысына қоныстанған. Кеңес дәуірінде тағы да қудалау көрген Иманжүсіп Сарысуға көшіп, 1930 жылы 20 желтоқсан күні тұтқындалған. 2.3.1931 ж. ОГПУ жанындағы үштіктің шешімімен атылып, 1990 жылы толық ақталған. Иманжүсіп – Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші.
Керей хан Болатұлы (1425 - 1474 жж.)
Керей хан (Кирай, Гирай) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
«Тауарих-и Гузида-йи Нусратнаме» дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. XV ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.
Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871 - 1923 жж.)
1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.
Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.
Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912 - 1957 жж.)
Күләш Жасынқызы Бәйсейітова - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).
Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.
Күләш Байсейітова – концерттік әнші ретіндегі де кең танылған шебер орындаушы. Әр түрлі ресми делегациялар құрамында, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдеуімен жеке концерттік бағдарламада, бригадалармен сан алуан сахналардан орындаушылық қырымен танылады. Ол шырқаған әндері тыңдармандарды өзіндік қарапайымдылығымен, анықтығымен, жүректен шыққан жылылығымен баурайды. Оның репертуарында көптеген халық әндері, өзге халықтардың, замандас композиторлардың әр алуан шығармалары молынан болды. Әнші концерттік бағдарламасына халықтың сүйіп тыңдайтын қазақ халық әндерінен бастап, ән-романстар, белгілі опералардан ариялар т.б. молынан енгізген. Театрдағы негізгі репертуардан бөлек концерттік сахналарда камералық пландағы бағдарлама жасау ісіне әнші ерекше мән берген. Сонымен бірге ол Кеңестер Одағы халықтарының әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін орындаған тамаша әншілердің бірі.
Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923 - 1986 жж.)
Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
1986 жылы өмірден өткен.
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (1938 - 2020 жж.)
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев - экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-ды тәмамдаған (1960). 1960-1963 жылдары ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, 1963-1966 жылдары Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты, 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982-1990 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры, 1990-1994 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры, 1994-1996 жылдары ҚР ҰҒА президенті, 1996-2004 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры, 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.
Қарабура Әулие (Бурахан) (XI – XII ғ.)
Қарабура Әулие (XI-XII) ғ аралығында өмір сүрген. Қарабура әулие - шын есімі Бурахан. Тама руының ұрпағы. Созаоқ ауданы Қаратау бөктерінде жерленген.
Қарабура - өз уақытының данышпан адамдарының бірі болып саналады. Арыстан баб, Ысқақ баба, Қожа Ахмед, Уқаша әулиелермен бір қатарда болатын.
X-XII ғ Ислам дінің Орта Азия аумағында таралуына зор үлесін қосқан.
Көз жұмар алдында Қожа Ахмед Яссауи Қарабурадан қайтыс болған соң ғұсыл, жаңаза оқылуын, жерге көму рәсімдерін өзіне тапсырған. Ғұлама туыстарына, басқада шәкірттерине өлі денесіне ешқайсының жақындамауын сұрады. "Қарабурада адам ұшып келеді, сол адам барлық рәсімдерді жасайды, - соңғы Ахмед Яссауидін өсиеті еді делінген деседі ақсақалдар.
Халық арасында Қарабура жайында әр-түрлі аңыздар айтылған. Әулие Қарабурада ұшып жүретіні жайлы айтылған. Әр аңыз өзінің негізін құрайды - деседі. Себебі "Қарабура" қаратүйе деп аударылады.
Қожа Ахмет Ясауи (1103 - 1166 жж.)
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж.Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.
Қобыланды батыр Тоқтарбайұлы (XV ғ.)
Қобланды батыр - Халық қаһарманы, аңызға айналған жүреді руынан қыпшақ тайпасының қара қыпшақ. Қобыланды Тоқтарбайұлы Арыс өзені мен Қараспан тауы ауданында (Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы) қазақ даласында дүниеге келген. 45-50 жасында қайтыс болды (антропологиялық зерттеулер мәліметтері бойынша). Ақтөбе ауданында Қара-Қобда өзенінің жағасында жерленген, бұл Илецк қаласынан 40 шақырым жерде. Қазақ руынан шыққан қыпшақтар, батыр, жауынгер-азат етуші халық, ірі қолбасшы соғысқан жоңғарларға қарсы және калмыков. Әбілхайыр ханның бірі болды.
Қобландтардың әскери ерліктері қазақ халқының аңыздарында, аңыздарында, эпикалық ертегілерде, әндерінде мәңгі есте қалады. Қобыланды батыр туралы нақты тарихи тұлға ретінде, нақты тірі батыр ретінде тарихи жазба дерек көздерінің болмауы батыр тұлғасын зерттеудің жалғыз мүмкіндігін қалдырады – бұл халық ауызынан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа эпикалық поэмалар түрінде берілген қазақ ауызша поэтикалық мұрасы. Сақталған аңыздар мен халық жылнамаларында оны «Қара қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Қасым хан Жәнібекұлы (1445 - 1521 жж.)
Қасым хан — қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі. Қасым хан (1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90-жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді.
Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) батыр (1692 - 1770 жж.)
Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, дарынды қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. "Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ Үйсін Төле биден асқан би жоқ",-деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.
Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663 - 1763 жж.)
Қожаберген жырау — Орта жүз Ашамайлы Керейден тарайтын Көшебе руынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді.
Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.
Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы.
Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.
1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған.
Қаз дауысты Қазыбек би (1667 - 1763 жж.)
Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Қанжығалы Бөгенбай батыр (1680 - 1778 жж.)
Бөгенбай батыр Ақшаұлы – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы, есімдері елге танымал батырлар әулеті. Атасы Әлдеуік еңсегей бойлы Ер Есімнің, әкесі Ақша Әз-тәуке ханның даңқты қолбасылары болған.
Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан.
Жақын адамдардан әскер құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» атанған. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болып, «Қанжығалы Бөгенбай» атанып, халықтың құрметіне бөленген.
Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алған казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады.
Қойлыбай бақсы (Әулие) (XVII – XVIII ғ.)
Қазақ этнографиясындағы әлі де болса зерттеулерді талап ететін күрделі мәселелердің бірі – бақсылық дәстүр. Бақсылық – бұл Сібір және Орталык Азия халықтарында шаманизм атауымен белгілі және ғылыми айналымға орыс тілі арқылы осы атаумен енген ерекше құбылыс.
Қойлыбай бақсы Шоқан Уәлихановтың жазбаларында тамаша сипатталады. Зерттеушінің Қойлыбай бақсы туралы аңызы келесідей:
«Бақсылардың атақтысы Бағаналылық Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы әлде пірі. Тағы Балақай деген бар, ол да Бағаналылық, қазіргі кезде Көкшетау округінде Шүмен деген бақсы бар. Көкаман мен Ер Шойлап-Қойлыбайдың жындарының аты. Ер Шойлан, басты жины - Надыр-Шолақ. Ескілердің әңгімелеуінше, Қойлыбай бір үлкен бәйгеге қобызын қосып, жарыс басталатын жерге алдын ала қобызды бір үлкен сексеуілге байлатады. Бәйгеден келе жатқандардың шаңы көрінгенде, Қойлыбай қолына қылышын алып, бақсылық ойынын бастап, сарын айтады. Кенет, бәйге аттары кеткен жақтан қатты дауыл тұрып, ысқырған қызыл жел соғады. Көп ұзамай, дауылының ортасынан алғашқы аттар көріне бастайды, ал бәрінің алдында сексеуілді сүйреткен Қойлыбайдың қобызы келе жатады. Шаңды дауыл мен қызыл жел Қойлыбайдың Кокаман атты жынының күші еді. Өстіп, Қойлыбай бас бәйгені алыпты.
Қошқар батыр Дауұлы (1780 - 1867 жж.)
Қошқар Батыр Дауұлы (1780, Қайдауыл болысы Қабырға өз-нің бойы – шамамен 1867, Қошқардың қоңыр түбегіндегі Қабырға а.) – елге қорған, жерге ие болған халық қаһарманы, 1837-47 ж. Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Арғы тегі Орта жүз ұзын қыпшақтың алтыс тармағына жататын сары (өтетілеу) атасынан бастау алады. Ағайындас Иман батырымен бірге елге қайрат, дұшбанға айбат болған. Екі батырдың әзілі жарасқан достығы, ынтымақ-бірлігі жайлы ел ауызында көп әғгіме сақталған. Қ.б. ерге тән ерен қимылымен қатар қара қылды қақ жарған әділдігімен де жұртына үлгі-өнеге көрсете білген, дуалы ауыз көріптілдігі бар әруақты кісі, сонымен қатар ьала мінез, аңқау, ақкөңіл адам болған. Негізгі Қ.б-дың көріптілігі әлдеқандай болжам жасайтын сәуегейлік емес, ел ішінде, көрші жұрттар арасында бел ала бастаған әлеум., әкімшілік, саяси жағдайларды бақылап, салыстыра аужайлаған, ақылға сүйенген, байыпты жорамалдан туындаса керек. Арқадан ойысып, Ұлы жүз, қырғыз жерлеріне беттегенде «ханның бұл сапарда жолы болмайды» деп Кенесары қолына ермей қалған. Қимас досы Иман батырды да бұл жорықтан бас тартуға үгіттеген. Қ.б-дың бұл жорамалы кейін тарихта дәлелденді. Ресей мемлекетінің қазақ жерін отарлау саясаты басталған тұста атқа мінген Қ.б-дың қарамағындағы ел-жұртын шегара басқармасының озбырлақтарынан, Хиуа, Бұхар, Қоқан хандықтардың таусылмайтын ірілі-ұсақты шапқыншылықтарынан, көршілес ру-тайпалардың барымта-қарымтысынан қорғауына тура келді. 1997 ж. Батыр ұрпақтары Амангелді ауд-ның қабырға а-ндағы Қоңыртүбекте ата-қабірінің басына ескерткіш орнатты. Амангелді Жәуке батырлармен бірге Қ.б-дың кеуделік мүсіні қойылған. Батырдан Аяпберген, Қожабай, Айдабол, Жайынауыз, Әти, Айтқожа ұрпақтары тарайды.
Құнанбай Өскенбайұлы (1804 - 1886 жж.)
Абайдың әкесі, аға сұлтан, қоғам қайраткері. Әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, Кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығарған жоқ. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарады, кейін болыс басқарушысы болып сайланып, тобықты елін биледі. Келе-келе дуанды басқаратын аға сұлтан дәрежесіне дейін жетіп, даланың беделді де білікті әкімдерінің қатарына көтерілді. Оның 4 әйелі болды. Бәйбішесі Әйбөбектен (Күңке) Құдайберді туды, 2-ші әйелі Ұлжаннан Тәнірберді, Ибраһим (Абай), Ысқак, Оспан; Айғыз деген әйелінен Халиулла, Смағұл, Кәмшат туған; 4-ші әйелі Нұрғанымнан ұрпак жоқ. Құнанбайдың қоғамдык қызметіндегі игілікті қызметінің бірі - оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қара танудың, сауат ашудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына өте қажетті екенін ұғынып, өз ауылынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 ж. шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын, жаза білетін орыс мұғалімін сұрап, хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала окытуға пайдалануға кеңес береді. Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мұғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектепте ашкан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 ж. Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Мәскеудегі әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 ж. Қарқаралыда мешіт, 1874-75 ж. қажылық жолмен Меккеге барып, оңда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй — Тәкие салғызған.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871 - 1948 жж.)
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 - 1964 жж.)
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көргендіктің белгісі еді.
Қонаев (Димаш) Дінмұхамед Ахметұлы (1912 - 1993 жж.)
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Қасым Қайсенов (1918 - 2006 жж.)
Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы — 30 желтоқсан 2006, Алматы) — Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
Өскемен облысы Ұлан ауданының және Арқалық қаласының құрметті азаматы. Республикамызда оның атында орта, орталау мектептер, елді мекендерде оның атында көшелер бар. Мемлекеттік Шығыс Қазақстан және Қарағанды университеттерінің құрметті профессоры.
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846 жж.)
Махамбет Өтемісұлы - Қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде туып, 1846 жылы қазан айының ішінде жалынды ақын жау қолынан қапыда қаза табады.
Өтемістің он баласы болып, Махамбет Бекмағамбеттен кейінгі екінші бала болады. Жас кезінде хан ордасында тәрбиеленген ақын кейін бөлектеніп кетеді. Халықты, қарашаны қолдаған Махамбет 1829 жылы түрмеге қамалады.
1836 жылы 14 көкекте Исатай мен Жәңгір кездеседі. Ханның қайын атасы Қарауылқожаның ауылын шауып алады.
1837 жылы 2 қарашада хан ордасына қайта атттанады. 1838 жылы 12 шілдеде орыс әскерімен шайқаста, Исатай қаза табады. Ары қарай Махамбет ақынның азапты күндері туады. Орынбор түрмесіне қамалады.
1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады. Бейіті Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде. Ақынның өлеңдері ерлікке, өрлікке арналады. Не үшін соғысып жүргенін айтады. Ел қандай болу керек деген сауалдарға жауап іздейді. Азаматтың міндетін көрсетеді. Осыған ұқсас «Беркініп садақ асынбай ...» деп басталатын өлеңі де бар. Алғашқыда ерлер ісі жорық пен оның қиындығына шыдау туралы болса, соңғыда жауын жеңу, ерлікпен қасқая соғысу ерлер ісі деп толғайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858 - 1931 жж.)
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы - (Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.
Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935 жж.)
Міржақып Дулатұлы — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893 - 1938 жж.)
Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабай (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) — алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Алаш партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Үш Жүз партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919–1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, Шолпан, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянды» жазып, жарыққа шығарады. Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді
Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 - 1961 жж.)
Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақ совет жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай 1997 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде аталды.
Мәлік Ғабдуллин (1915 - 1973 жж.)
Мәлік Ғабдуллин (15 қараша 1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы —2 қаңтар 1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
М. Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931 - 1976 жж.)
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.
Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925 - 1998 жж.)
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1 сәуір, 1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер (қазіргі Нұрғиса Тілендиев ауылы) - 15 қазан, 1998, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Қазақ КСР халық әртісі (1975), КСРО халық әртісі (1984), халық қаһарманы (1998). Нұрғиса Атабайұлы қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал серілік дәстүрдің соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдігіне, ассимиляцияшыл әсіре үрдісіне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңір дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүріп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты, қазақтың музыкалық дәстүріне табанын нық тіреп тұрып, өзінің арман аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра білді. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсіпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрді ұдайы шабыт тұғыры етіп отырды. Былайша айтқанда, көргенді күйттеп, естігенді жаттап отыратын оркестрлік қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркіндігін дарыта білді.
Омар Кәлпе Тепекұлы (1876 - 1933 жж.)
Өз заманының ғұламасы атанған, дін жолында барлық өмірін сарп еткен кәлпе Омар Тепекұлы 1876 жылы дүниеге келген. Ол жас кезіннен бастап Мұстафа қажының қасында жүріп құдайға құлшылық етеді. Ауыл молдасында сауаттын ашады.Дін кітаптарын көп оқиды.Бір ғажабы ол ағайындарына, тіпті өзінің балаларына да аң мен құстарды өлтіруге және ауға немесе қақпанға түсіруге қатаң тиым салған.Оның алдына науқастанып барған адамдардың қайсы бірі болса да одан рухани күш алып, жазылып қайтатын болған.
1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске, Торғай қаласын шабуға қатысқан.Омар кәлпе 1928 жылы конфискеленеді. Кеңес өкіметі оны соттап, Қостанай түрмесіне қамайды. Тағдырдың тауқыметі оны өз халықына, туған жеріне деген сүйіспеншілігінен ажырата алмайды.Қасындағыларға рухани күш беріп, бейнетке, келсе ажалға да бекем отыруға жігерлендіре түседі.Қайғы ойламай алға сеніммен қарауға үйіретеді.Бәрі Аллаһтың қолында екендігіне қасындағылардың көзін жеткізеді.Тек қана жар етіп бір Аллаһты отыру керектігін алға тартады.
Райымбек батыр Түкеұлы (1705 - 1785 жж.)
Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Нарынқол ауданы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының сырымбет тармағынан.
Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған.
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922 - 2011 жж.)
Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).
Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады.
Рақымжан Қошқарбаев (1924 —1988 жж)
Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы (1999).
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді.
Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды. Омырауын жауынгерлік "Қызыл ту", "1 дәрежелі Отан соғысы" ордендері, "Берлинді алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдары ажарландырып түрды. "Жауынгерлік Қызыл Ту" ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді.
Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898 жж.)
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы қазіргі Алматы облысы,Қарақастек ауылында дүниеге келген.Талантты,ұлы қазақ ақыны және айтыс аңызы. Сүйінбай Шапырашты (Ұлы жүздің) ішіндегі Екей руынан шыққан.
Сүйінбай Жасынан жыраулығымен елге танылған. Сүйінбайдың шығармашылығы оның атасы Кусеп пен әкесі Аронның әсерінен қалыптасқан, олар поэтикалық талантымен және шеберлігімен танылған еді.Атақты Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны пір тұтып,ұстазы ретінде санаған.
Сүйінбай ақынның “Ақиық” атты жинағына (1976) таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген, кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, соңынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде “Әлем әдебиетінің кітапханасы” сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-томында Сүйінбайдың “Кәрілік” атты өлеңі жарияланған.
Сатыбалды Ишан Ғабдоллаұлы (1826 - 1898 жж.)
Сатыбалды Ишан (лақап аты Қыпшақ ишан) Ғабдоллаұлы 1826 жылы Торғай уезіндегі Қайдауыл болысының Шомақ Қарасуы мекенінде дүниеге келген. Руы – Ұзын Қыпшақтың Алтысы. Сатыбалдыны Орта Азия діни мұсылмандар басқармасының алқы мүщелерінің алдына сынақ тапсырттырып, ол ғұлама-ғалым ретінде ишан атағын алды.
1862 жылы Сатыбалды тұңғыш рет Мекке, Мәдинаға қажылыққа барады. Меккеге барып, «рухы арқылы» орындап келетіні жайында қызықты хикаялардың, «тылсым тәсілдердің» бар екені ежелден 316 белгілі. Ұлы софы, әулие-хазірет Әзірет сұлтанның (Қожа Ахмет Ясауи) түркістанда тұрып-ақ кейде «рух-жаны» арқылы Меккеге барып, бесін намазды сонда оқып келетіні жайында айтылады. «Рух күштері» арқылы Меккедегі құлшылықты көріп, рухы арқылы ондағы нәрселердің бәрін көріп отыратын әулиелердің бірі осы атақты Сатыбалды ишан болған.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894 - 1938 жж.)
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушысы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920–1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола үш сыныптық қалалық училищесінде оқыды. Сонымен қатар, 1912 жылы Сәкен медресе оқушыларын орыс тіліне дайындайды. 21 тамыз 1913 жылы Сейфуллин Омбы педагогикалық семинариясына келді, онда ол Мағжан Жұмабаевпен оқыған.
1917 жылдың сәуір айында, Сәкен Сейфуллин, «Жас қазақ» («Жас қазақ») саяси және әлеуметтік-мәдени қоғамын құрады. 1917 жылғы шілдеде Сәкен "Тіршілік" газетін шығаруға қатысады.
Қыркүйек айынан бастап Сейфуллин Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту курстарын жүргізеді.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
Сейітжан Есжанұлы Құртаев (1912 - 1969 жж.)
Сейітжан Есжанұлы 1912 жылы 20 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Ташкенттегі орта Азия Университетінің физика-математика факультетін бітіріп, математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан С.Құртаев мұғалімдік қызметін бастады.
Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың соңында аттанып, соғыста екі рет жараланды. Соғыстан қайтқаннан кейін, Ақтөбе колхозында мектептің директоры болып қызмет атқарды. 1942 – 1947 жылдары Шілік ауылындағы мектеп директоры қызмет атқарды.
12 жасында Құранды жатқа біліп, ол қари атанған кісі болған. Діни білімі терең, Құран оқудағы қырағаты керемет-тұғын. Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Сейітжан қари» атындағы 8000 орындық жаңа мешіт салынып жатыр. Ішінде медресе, мың орындық асхана, неке қию сарайы, жаназа бөлмесі, 50 орындық қонақүй, қысқасы, барлық қажетті жағдай қарастырылған. Құрылыстың жалпы көлемі 12,0058 га-ны құрайды. Ғимараттың көлемі – 25626,0 м2
Сырбай Мәуленов (1922 - 1993 жж.)
Арғын тайпасының Шақшақ руының Аю бөлімінен шыққан. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 —1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов (1924 – 2013 жж.)
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов (25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.
Сағадат Нұрмағамбетов 1971 – 1994 жылдары республика Жоғарғы Кеңесiне бiрнеше мәрте депутат болып сайланды. Үкiмет қаулысымен Астана қаласындағы "Жас ұлан" мектебiне армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтiң есiмi берiлдi. Оның жауынгерлiк және қайраткерлiк өмiр жолындағы ерлiктерi мен еселi еңбектерi жоғары бағаланып, көптеген КСРО наградаларымен, Қазақстанның және шет елдердiң ордендерiмен марапатталды.
Томирис (Тұмар) (570 – 520 б.з.д.)
Алғыр стратег Томиристің халық арасындағы беделі зор болды. Ол дүниеден өткен соң үш бірдей әмірші сақ мемлекетін басқарды.
Үш мың жыл бұрын Қазақ даласында атақты арғы аталарымыз – қуатты сақ тайпалары өмір сүрген. Гректер оларды кентаврлар (ежелгі Грекия мифінде ат басты адам) деп атап, оларды аңыз қылған. Көне грек тарихшысы Геродоттың дерегіне сүйенсек, әйгілі Геракл да сақ халқынан шыққан.
Сақтардың жерлерін ешкім жаулап ала алмаған. Дұшпандар сақ әйелдерінен өлердей қорқатын, өйткені олар ер азаматтармен тең дәрежеде соғыс өнерін көрсете білген. Сонымен бірге, батырларды ерлікке жігерлендірген.
Сақ патшайымы Тұмардың есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Тұмар – массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы Сыпырдың қызы немесе немере қызы.
Б.з.д. 530-529 жылдары Мидия елінің патшасы Кир көптеген елдерді өзіне бағындырып, «Азия әміршісі» атағына ие болды. Тұмар Кир патшасының ұсынысын қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруды уәде етеді. Ақыры, сөзіне тұрған патшайым парсыларға қарсы ұрыс жүргізеді. Осылай массагеттер жеңіске жетеді.
Тархан Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы (1693 - 1752 жж.)
Шақшақ Жәнібек (1693 — 1752, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тосын құмы) — батыр. Алғаш рет 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жәнібек Тархан бір жағынан, Кіші жүз жасақтарына көмектесіп Еділ қалмақтарымен, екінші жағынан, Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Өтеген батырлармен бірге оңтүстікте жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беріп отырды. 1726 жылы Ордабасыдағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын Жәнібек Тархан басқарған. Ел жадында сақталған аңыз әңгімелер бойынша, Төле бидің түйесін бағып жүрген Сабалақтың (болашақ Абылай ханның) Ташкентті билеген Уәли сұлтанның баласы екенін алғаш жария еткен де, Абылай хан тағына отырғанда оған бата берген де Жәнібек Тархан болған.
Торы Қыпшақ Көкмұрынұлы Лақ батыр (Есбатыр) (1688 – 1775 жж.)
Қорғасын селосының батыс жағында «Терісбұтақ» деген Қараторғай өзенінің бір саласы бар. Соның бойында Қорға-сыннан 8-9 шақырым жерде жазықта үлкен бір төбешік жатыр. Оны халық «Алыптың моласы» дейді. Онда Лақ батырдың бір аяғы ғана жатыр дейді. Кешегі жаугершілік заман-да бұл қасиетті Ұлытаудың топырағын жауға бастырмаған Лақ, Жәнтелі, Байжан, Ақжол, Арқалық, Жауғаш, Қарқаралы Қара Бостан сияқты айбынды батырлар болған. Ал, Лақ батыр туралы аңыз да ол өте алып денелі, қалың жауғақай-мықпай жалғызша ба беретін, бес қарудың шебері, арыстан жүрек батыр болыпты. Осы өңірде болған бір соғыста Қалмақтың бір батырының қылышы оның тізесіне тиіп, аяғысің іріне ілігіп қалады. Лақ өз аяғын қылышпен шауып тастап, жаңағы қалмақтың батырын шоқпармен ұрып құлатып, аяғын таңыпалып, соғысты жалғастыра беріпті.
Тілеулі батыр Әбдірахманұлы (1690 - 1760 жж.)
Тілеулі Әбдірахманұлы - қазақ халқының даңқты батыры. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батырлардың бірі болған. Орта жүздің қара қыпшақ тайпасының ұзын тармағынан шыққан. Қазіргі Ақмола облысының аумағында дүниеге келген.
Әйелі Жапалақ - Тама Есет батырдың қарындасы. Оның ұлы Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Нияз биді Абылай хан «Хан» атаған.
Еліміз бен жерімізді қалмақтардан қорғап, Тәуелсіздігімізді төбемізге ту етіп көтерген Шақшақ Жәнібек тархан, Тілеулі батыр, Тама Есет тарханның есімдері қашанда қатар аталады. Өйткені олар - кешегі ел басына күн туған қаралы заманда иық тірестіре бірге жүрген жорықтас жолдас, баһадүр қолбасшылар болған. Тілеулі батыр Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақұмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында қыпшақтың 92 руының әскерін басқарған.
Үш жүздің 1710 жылы Қарақұмдағы өткен халық құрылтайына, 1723 жылы Талас өзені бойында жоңғарлармен болған шайқасқа, сондай-ақ Бұланты - Білеуті шайқастарына қатысқан.
Тілеп бақсы Аспантайұлы (1757 – 1820 жж.)
Бұдан бұрын айтып өткеніміздей, 1757- 1820 жылдары Торғай өңірінде өмір сүрген. Бақсылықпен атын шығарған қобызшы өз заманында киелі қара қобызымен қандастарының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. Тілепке 13 жасында атақты бақсы Қойлыбай батасын берген көрінеді. Сол ұстазының өнерін қал-қадірінше дамытыптыда. Бүгінгі күнге Тілептің “Толғау”, “Алламжар”, “Бақсы” деп аталатын күйлері жетті.
“Қазақтарда бақсылықтың қаймағы бұзылмаған. Сондықтан да Орта Азияның өткенін зерттеуге қажет деректерді молынан кездестіруге болады” - деген екен Шоқан, ХІХ ғасырдың перзенті. Ал Т.Аспантайұлы ХІХ ғасырдың басында қайтыс болған. Шоқан айтып отырған“қаймағы бұзылмаған кезең” Тілеп өмір сүрген уақытқа тұспа-тұс келмей ме? Ұлы жазушы М.Əуезов: “Бақсының сарынында сөз қуаты ерекше күш алғандай болады” - дейді. Ендеше Тілеп мұрасында қобызшы сарынымен қатар өлең өрнегі де бар. Бірақ көп емес, жұқанасы ғана бізге жеткен.
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 - 2014 жж.)
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.
Талғат Бигелдинов екі мәрте КСРО батыры атағын алған 65 ұшқыштың бірегейі. Соғыс жылдары 300-ден астам рет әуеде қалықтап, оншақты жау ұшақтарының көзін құртты. Жалпы Бигелдинов әуе шабуылдары жөнінен аңыз болған адам.
Талғат Бигелдинов 1944 жылғы 26 қазанда Кеңес Одағының батыры атағын алды. Екінші рет, 1945 жылдың 27 маусымында марапатталды. Жалпы саны 305 рет әскери ұшу жасаған. Ол 15 топтық әскери соғысқа қатыса отырып, жалғыз өзі ондаған жау ұшағын жарамсыз етті. Украина, Курск доғасы, Прага және Берлинде өткен жойқын соғыстарға қатысқан.
Файзолла Ишан Сатыбалдыұлы (1883 - 1959 жж.)
Файзолла Сатыбалдыұлы (27.09.1883, бұр Торғай уезі, Батпаққара мекені — 1959) — діни қайраткер, ақын, қари. 1901 - 1906 жылдары Торғай қаласындағы уездік мешіт, медреселерде Науан хазірет, дамолла Байту, Бейіс хазірет, Оспан қожа,қайраткерлермен бірге қызмет жасайды. 1906 - 1918 жылдары Батпаққарада Сатыбалды ишанның мешіт-медресесінде ұстаздық құрып, 1923 - 1928 жылдары мешіттерде имамдық етеді. 1928 - 1935 жылдары нағашысы Міржақып Дулатовпен бірге айдауда болады. Туған жері Батпаққараға көшіп келген 1946 жылы өмірден өткен 1959 жылы дейін қуғын-сүргіннен көз ашпайды. Ф.Сатыбалдыұлы артына мол поэтикалық мұра қалдырған, араб, орыс әдебиеті үлгілерінен тәржімелер жасаған.
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (1939 - 2014 жж.)
Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).
Фариза Оңғарсынова өлеңдерінде Қазақстанның шөлді жерлерінің өзеруі, кең байтақ сусыз даланың ең шөлді бұрыштарына тіршіліктің келуі, ерлігі мен батылдығы кеңпейілділігінен кем түспейтін адамдар туралы жазды. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетіне өктем түрде кірген ақынның өлеңдері, поэзиясының өмірбаяны осылай басталды. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1966 жылы «Сандуғаш» деген атпен жарық көрді. Содан бері «Жазушы» баспасында бірнеше өлеңдер топтамасы жарық көрді. Фариза ақын сүйіспеншілік пен махаббатты 28 жыл үздіксіз жырлаған ақын. Бірде оттай шарпитын, енді бірде алапат дауылдай теңселтетін махаббат сезімін басуға, жүрегін жандырмай, жан дүниесін таза ұстап қалуға көмектескен қандай құдірет күш. Оған да жауапты ақын өлеңдері арқылы берді.
Хорасан-ата (Әбдіжалил баб) (VIII – IX ғ.)
Сан ғасырлар қойнауының қатпарынан өтіп келген, барлық өмірі мен өнегелі тірлігі алты алаштың баласына ғана емес, бүкіл мұсылман қауымына мағлұм, сонау Арабиядан Орта Азия, түрік-қазақ жерлеріне, соның ішінде Сыр бойына Ислам діні мен мәдениетін әкелгендердің алғашқысы – халықты имандылық парасатына тәрбиелеген Хорасан ата атанған Әбдіжәлил баб еді. Әбдіжәлил баб ондаған мың қолмен Исфахан, Тебриз, Мазандаран, Балх шаһарларын жеңіп алып, Иранның Хорасан қамалын қоршайды. Үш күн, үш түн шабуылмен, бұрын ешкім ала алмай жүрген 32 темір қақпалы Хорасан қамалын Әбдіжәлил баб басып алады. Әбдіжәлил баб иемденген жерлердің бәрінде халқын Ислам дініне кіргізіп, мешіт-медреселер салып, арабша сауатын ашып, мәдениетінің өсуіне де ықпалын тигізіп отырған.
Хақназар хан Қасымұлы (1509 – 1580 жж.)
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580жж.) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.
Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 - 1865 жж.)
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858 - 1931 жж.)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.
Шәкен (Шәһкерім) Кенжетайұлы Айманов (1914 - 1970 жж.)
Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914 ж. 15 ақпан — 1970 ж. 23 желтоқсан) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж КСРО-ның халық артісі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы.
Айманов Шәкен (Шаһкерім) — актер, режиссер, КСРО халық артисі (1964). Болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол кішкентай кезінен жездесі Қали Байжановтың әндерін тыңдап өскен. Ауыл мектебін бітіріп, (1928), Семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады.
Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.
Шахмардан Есенұлы Есенов (1927 – 1994 жж.)
Шахмардан Есенов 1927 жылғы 5 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақстанның көрнекті ғылыми және саяси қайраткері, 1961 – 1967 және 1974 – 1976 жылдар аралығында ҚазКСР Геология министрі, ҚазКСР Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары (1965), геолог, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның атағын, марапаттары мен наградаларын және ғылыми еңбектерін толық тізіп шығу мүмкін емес. Өз заманында ол геология ғылымы мен геологиялық қызметтің дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына орасан зор үлесін қосты. Ол әлемдегі ең ірі –Жезқазған өңіріндегі және Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай т.б.) пайдалы жер асты қазбаларына толы кен орындарын алғаш ашып, игерушілердің бірі болды.
Шәмші Қалдаяқов (1930 - 1992 жж.)
Шәмші Қалдаяқов (15 тамыз 1930, Отырар ауданы – 29 ақпан 1992, Алматы) – композитор, Қазақстанның халық әртісі (1991), Қазақстанның Еңбек Ері (2022, қайтыс болғанынан кейін). Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы замандағы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі.
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.
Шерхан Мұртаза (1932 - 2018 жж.)
Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (28 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).
Тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. «41-ші жыл келіні», «Интернат наны», «Жүрек қартаймайды» әңгімелер жинақтарының; «Қара алқа», «Қызыл садақ» романдарының; «Сталинге хат», «Бесеудіңхаты», «Бесінші бұрыш» пьесаларының авторы.
Ырғызбай ата Досқанұлы (1787 – 1850 жж.)
Досқанұлы Ырғызбай әулие (1787, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қарақия тауында дүниеге келген). Орта жүзге белгілі халық емшісі, әуле көріпкел. Найман ішіндегі Мәмбетқұл (Қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жастайынан шипалы шөптерді пайдаланып, талайдың дертін жазған.
Ел ауызындағы аңгімелерге қарағанда Ырызбай белгілі би Құнанбай Өскенбайұлын емдеп, жараларын жазған деген дерек бар. Қазіргі уақытта бұл ескерткіш қажылық орны болып табылады, өйткені ол емдік күшке ие және көптеген науқастардың емделу тарихымен байланысты. Рухани маңызы бар нысан, бұл әдет- ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтайтын орын, бұл біздің ата-бабаларымыздың рухын ұмытпауға көмектеседі. Ырғызбай-ата кесенесі жерлеу құрлыстары мен қосымша құрлыстардан тұратын кешеннің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ескерткіш бірнеше рет қайта салынып, 1990 жылы силикат керпіштен салынды.
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841 - 1889 жж.)
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүниежүзі әдебиетінің классиктері В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді.
Ілияс Есенберлин (1915 – 1983 жж.)
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы — 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасы» (1957), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.
Анахарсис (Анақарыс) (620 – 555 ж.б.з.д)
Анақарыс немесе Анахарсис — скиф. Анақарыс айтты дейтін қанатты сөздер өте көп. Соның көпшілігі сұрақ-жауап үлгісінде кездеседі. Зады, Диогеннің, Лукианның, Плутархтың, Платонның, Геродоттың пайдаланған шешендік сөздерінің дені Солон мен Анақарыстың екеуара пікірсайысынан алынуы мүмкін. Өйткені кейбір қанатты тіркестер олардың өзара әңгімесінің ішінен ұшырасып қалады. Анақарыс – қаракөктің тұқымы. Ханзада. Ал тақ мұрагерінің әрқайсысына жеке тәрбиеші бөліп, әскери өнерге, ділмарлыққа, тапқырлыққа жасынан баулыған. Ол ханзада боп дүниеге келді, елін-жұртын сүйген және қорғай білген әскер басы боп өмір сүрді, данышпан философ, ділмар ғұлама ретінде қаза тапты. Анахарсис жөнінде Геродоттың «Тарих» еңбегінде айтылған.
Аттила (Еділ) патша (410 – 453 жж.)
Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тілінде Атил, лат. Attila, гр. Ἀττήλας) батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға.
Сол кезеңнің оқиғалары туралы тарихи шығармаларда, жылнамаларда және эпикалық туындыларда мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар германдықтардың батырлар жырының 18 шығармасында ғұндар мен оның патшасының ұлы iстерi көрiнiс тапқан.
Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтеріледі. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзенінне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндарме млекетін басқарды. Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.
Артық хан (Атрак) (XI – XII ғғ.)
Артық Сарыханұлы - қыпшақ ханы, әйгілі қолбасы, батыр. Шамамен 11 ғасырдың 2 -жартысы - 12 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген. Орыс жылнамаларында "половецтердің Шарукан (Сары хан) әулетінен шыққан Отрок хан" деп те аталады. Ержүрек қыпшақ жауынгерлерін көрші елдердің билеушілері өздерінің таңдаулы әскери жасағына айналдыру дәстүрі әбден орныққан заманда Мысыр, Византия, Венгрия, Еуропа мен Азия е лдерінің билеушiлері қыпшақтарды қалқан етіп ұстап, қаһарлы күш ретінде пайдаланды. Артық ханзада 1116 - 1117 жылы Киев князі Владимир Мономахтың әскерімен кескілескен ұрыс жүргізді.
1118 жылы Грузия патшасы Давидтың арнайы шақыруымен қыпшақ ханы Артық 45 мың сарбазы Дәуіттің 15 мың әскерімен бірігіп, 300 мыңдық парсы әскеріне соққы берді. Грузия ұлттық тәуелсіздігін алды. Артық Тұрантоқты атты қызын Дәуітке берді. Кавказ тауында 8 жылтұрып Дешті Қыпшаққа қайтты. Артықтың ұлы Қоншақ "Игорь жасағы туралы жырдың" басты кейіпкері.
Алпамыс (XI – XIIғғ.)
Алпамыс - Византияның әскери қолбасшысы. Алпамыс туған елін шет ел басқыншыларынан қорғауда ерен ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға.«Алпамыс батыр» дастаны қазақ эпостарының ішіндегі ең көне жыр. Талай жазушы-ғалымдарымыз М.Тынышбаев, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә. Марғұлан, М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев, Т. Сыдықов, С.Раханов тағы басқалар Алпамыс батырдың тегі қазақ екендігі жайлы көптеген еңбектер жазды. Эпос сан рет қазақ баспаларында қайта басылып шықты. Жүз томдық «Бабалар сөзі» сериясының 34 томы тек қана Алпамыс батырға арналып, осы кітапқа жырдың 4 нұсқасы енді.
Аепа (Қайып) хан (1070 – 1117 жж.)
Половецтердін ханы. Түркі тілдеріне сүйенсек, Аепа аты (татар - Қайып) aj «ай» және apa «үлкендерді сыйлау» сөздерінен тұрады.
Ол 1107 немесе 1108 жылдың 12 қаңтарында Юрий Долгорукийге Анна христиан есімін алған 11 жасар қызын тұрмысқа берді.
Кейінірек, 1113 жылы Аепа мен хан Боняк Выр бекінісін қоршауға алып, бірнеше күн бойы қабырғалардың астында тұрып, орыс отрядтарының жақындағанын біліп, кетіп қалды.
1117 жылы Аепа Дунай болгарларына шабуыл жасап, көпті тұтқынға алды. Кейіннен оны половецтерге уланған тағамдар жіберген болгар князі қиратты. Соның салдарынан көбісі, соның ішінде ханның өзі уланып өлді, қалғандары соғыста соққыға жығылып, тұтқынға алынды.
Анна Венгерская (1260 – 1281 жж.)
Анна Венгерская -Византия императрицасы, Арпад әулетінен шыққан. Венгрия королі Стивен V мен половец ханшайымы Куман Елизаветасының төртінші қызы, атасы қазіргі Украина аумағында өмір сүрген Днепр тайпаларының ханы және орыс князьдерінің одақтастары Котян болды. Туыстық қарым-қатынас негізінде Венгрия мен Византия одақ құрып, оны Анна мен Византия императорының және тең императордың ұлы (1272 жылдан бастап) - Андроник II Палайологостың некесімен нығайтты.
Ахмет Бірімжанов (1871 – 1927 жж.)
Ахмет Бірімжанов — Алашорда үкіметініңмүшесі, 1- 2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер. 1871 жылы Торғай уезі Тосын болысының №1 ауылында (қазіргі Жангелді ауданы) дүниеге келген. Шақшақ Жәнібек батырдың тікелей ұрпағы.1917 жылы көктемнен бастап, Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссары, кейіннен Уақытша үкіметтің Қостанай уездік комиссары болып тағайындалған. 1917 жылы 2-8 сәуір аралығында Орынбор қаласында өткен қазақтардың бірінші Торғай облыстық съезінің делегаты, сол жылы 20-25 маусым аралығында Ақтөбе қаласында өткен қазақтардың съезіне делегат болып сайланған. 21-26 шілде аралығында Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде Торғай облысы қазақтарының атынан Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып сайланған. Екінші жалпықазақ съезінде А.Бірімжанов Алашорда үкіметі - Ұлт Кеңесінің құрамына сайланған. Сол жылғы желтоқсанда ол «Алаш» партиясының Торғай облыстық комитеті 14 мүшесінің бірі болған. Алашорда үкіметі мүшелерінің Уфада өткен кеңесіне қатысып, Алашорда әділет министрі болған.
Әбу Наср Әл-Фараби (870 – 950 жж.)
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл- Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба- Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
Әсень хан (1020 – 1082 жж.)
Қыпшақ хандары туралы куәландыратын бірқатар түпкі деректер бар. Орыс шежірелері Шаруканид әулеті туралы айғақтайды.Әр түрлі деректерде Аеп, Боняк, Шаруканның әкесі ретінде көрсетілген Осень мен Асень - бір адам болған, сондықтан осы үш хан мен Сүгір Осеньнің балалары болған. Олардың барлығы ірі және беделді хандар, орыс-половец соғыстарының қатысушылары болды.С.Г.Кляшторный Асенді булгар әулеті дунай қыпшақтарынан шыққан деп есептейді.
Әсень ханнан тараған Болгария патшалары (Петр, Иван, Калоян)
(1187 - 1280 жж.)
Екінші Бұлғархандығының Асен (Асан) әулетініңөкілдері Петр (Феодор), Асень (Иван) және Калоян бастаған бұлғарлардың византиялықтарға қарсы күресінде қомандар одақтастары ретінде саяситарихында алатын орны зор. Атап айтқанда, қомандардың көмегімен отырықшы бұлғарлар Византияға қарсы шығып, өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіріп, шамамен 1185 жылдары Екінші Бұлғар патшалығын құрады.
1185 жылдан бастап патшалықта шығу тегі қомандармен туыс ағайынды-болярлар Петр (1185- 1197) мен Иван Асен І (1185-1196) қатар билік жүргізген,олар қайтыс болғаннан кейін кіші інісі Калоян (1197-1207) билікке келген. Калоянның әйелінің шығу тегі қоман-қыпшақтарынан болған.
Әлихан – жалайыр, Юань империясының әскери қолбасшысы (XIII ғ.)
Құбылай ханның әскери құрамында жалайырлар елеулі орын алды. Олардың арасынан әйгілі қолбасшы Әлихан шыққан, яғни он мыңнан жоғары әскерлерге қолбасшылық жасаған. Ол Құбылай ханның әскери, дипломатиялық тапсырмасын орындады, шығыс жорығының бас қолбасшысы болды.
Әйтеке би Байбекұлы (1664 - 1700 жж.)
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Байбекұлы Әйтеке Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола отырып, «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруге қомақты үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайтуға бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттілігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1870 - 1937 жж.)
Көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт- Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт- азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 - 1944 жж.)
Қазақ Кеңес Одағының батыры, мерген, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Соғыс ба сталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4- батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Баламер (IV ғ.– 410 жж.)
Ғұнн патшасы (қаған), остготтарды жеңіп, бағындырған. Атилланың арғы атасы. Баламер Оңтүстік-Шығыс Еуропаны бағындырды және сол арқылы Еуропадағы құлдық жүйені феодалдық жүйеге ауыстырды.
Бумын қаған (Елхан) (VI ғ.– - 552 жж.)
Бумын (кытай жазбаларында Ту-мынь кахань) — Түрік қағандығының негізін қалаушы қаған (542 - 553 жж. билік еткен), Ашина тайпасынан шыққан. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қоластындағы Темір кенін өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан ел болған. Түркілердің басшысы болған әкесі өлгеннен кейін, VI ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік жолмен Бумын таққа отырады. Қытай жазбаларында Тумын қаған, түркі ескерткіштерінде Бумын қаған деп атайды. Бумын қаған түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумынның тұсында түркілер әскери жағынан күшейіп, Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір бөлігін бағындырады. 552 жылы Бумын қаған бастаған түрік әскерлері жужандармен соғысып, жеңіске жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.
Білге Тоныкөк (646 - 731 жж.)
Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түрік Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.
Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ - даңқын қалдырып; ақыл-парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел-жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес. Сол тас жазуда: «Мен, білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түрк халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған.
Білге қаған (680 - 734 жж.)
Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.Білге қаған ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде - “Беңгү таш”) қатарына жататын ескерткіш кешен.
Боняқ (Бунак) хан (1070 - 1117 жж.)
Боняқ – қыпшақ ханы, шамамен 10 ғасырдың орта шенінде дүниеге келген.Ол туралы алғашқы мәліметтер 1096 жылғы орыс жылнамаларында кездесіп, Боняқтын Киевке жорығы туралы баяндайды. 1105 және 1107 жылдары ол Владимир Маномахқа қарсы шықты.Сары-хан мен Боняқтың Переяславльге бірлескен жорығында Киев князі Владимирдің әскері қыпшақтардың көмегімен жеңіске жетті. Бұл шайқаста Боняқ та, Сары-хан да ( Шарухан) қайтыс болды.
Басман (Басан, Бачман) (XIII ғ. - 1238 ж.)
Басман – ол бурлік тайпасынан шыққан половец. Ол Батумен шығыс Половец даласының көп бөлігін басып алғаннан кейін моңғол-татарларға қарсы соғысты. Көтеріліс Басман үшін сәтсіз аяқталды, оны моңғолдар тұтқындап, өлім жазасына кесті.
Байтемір – Юань империясының әскери қолбасшысы (XIII ғ.)
Байтемір Құбылайдың сенімді адамдарының бірі болған. Ол императорлық гвардияның адалдығын тексеру үшін жауапты лауазымды атқарды. 1287-1288 жылдары Наянның сөзін басып-жаншуға, сондай-ақ моңғол көтерілісшілерімен соғысқа қатысқан. Император Темір тұсында ол өз орнын сақтап қалды. Осы билеушінің тұсында Байтемір қыпшақ сарбаздарымен астанаға кіре берісте ханды күзетіп, ертіп жүрді.
Бөкей хан (1742 -1815 жж.)
Бөкей ордасының ханы (1801 — 1815). Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Айшуақхан тұсында хан кеңесінің төрағасы болды. Бөкей 1801 жылы Ресей өкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарының бір бөлігін Жайық пен Еділ аралығындағы ноғайлы қазақтардың ескі жұртына қоныстандырды. Каспий жағалауындағы Дамбай деген жерде өз ордасын тікті. 1812 жылы Бөкей ордасының ханы болып сайланды. 1815 жылы хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкейханның бейіті Еділдің оң жағасындағы Сейіт баба зиратында (қазіргі Астрахан облысы Краснояр ауданы).
Ғұбайдолла Жәңгірұлы (Шыңғысхан) (1840 - 1909 жж.)
Fұбайдолла Жәңгіров (19 мамыр 1840, Бөкей ордасы - 14 наурыз 1909, Ялта) — қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш кавалерия генералы. 1856 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық паж корпусын бітіргеннен кейін, корнет шенінде лейб-гвардиялық казак полкінде қызмет етті және князь атағына ие болды. Келесі жылы Орынбор қаласына ауысып, генерал-губернатор кеңсесінде қазақ, башқұрттар және қалмақтар жөніндегі істерді қарайтын арнайы офицер қызметіне тағайындалды. Ресейдегі мемлекеттік думаға сайлау жөніндегі жобаны жасауға атсалысты, әрі сайлауға қазақтардың да қатысуына көп көңіл бөлді. Қызметтегі табыстары үшін Ресей және шетел мемлекеттерінің көптеген ордендерімен марапатталды. Отставкаға шыққаннан кейін (1902-03) император сыйға тартқан Ялтадағы иелігіне көшіп барды. Осы жерде 1909 жылы 1 наурызда қайтыс болды.
Ғазымбек Қорғанбекұлы Бірімжанов (1896 - 1938 жж.)
Ғазымбек Бірімжанов — Қоғам қайраткері, алашшыл азамат. Өз мамандығы дәрігер. Орынбордағы реалды училищесінен оқып, орта білім алған соң, кейін Орта Азия мемлекеттік университетінің дәрігерлік факультетін бітірген екен. Алашорданың белді азаматтарының бірі болғанын Алашорда атынан Колчак үкіметімен келіссөз жүргізуге қатысқанынан байқау болады. Іскер дипломат Ғ.Бірімжанов Алашорданың Башқұрт үкіметі жанындағы уәкілі болып та қызмет атқарады. Бұл дипломатиялық жұмыста ол өзінің шешендігі мен мәмілегерлігін танытып отырады. Кезінде қазақ журналистик асына өзіндік қолтаңбасымен келген. 1921-1922 жылдары «Ақжол» газетінде редактор болып істеген. 1928 жылы Берлиннің ауылшаруашылығы университетін бітіреді. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы қатарлы Алаш қайраткерлерімен бірге тұтқындалған Ғазымбек Карелиядағы Медвежьегорск қаласына 10 жылға жер аударылады.
Данашили – Юань империясының императрицасы (XIV – 1335 ж.)
Юань әулетінің императоры Тоған Темірдың әйелі. Ол елді 13 жыл басқарды.1335 жылы Данашилидің үлкен ағасы императорға қарсы көтеріліс дайындады деп айыпталады. Императрица кінәсіз болса керек, бірақ Тоған Темур Данашилиді ағасымен бірге өлтіруді бұйырды.
Естемі қаған (VI ғ. – 576 ж.)
Естемі қаған (т. ж. б. – 576) — Түрік қағандығының қолбасшысы, Бумын қағанның інісі. Жылнамашылар оны қаған деп атағанымен, Естемі жабғу қызметін атқарған. Яғни қағанатта қағаннан кейінгі екінші адам болған.
Көне түрік жазбаларында І. ағасы Бумынмен бірге түркілердің арғы аталарының бірі және олардың тайпалық одақтарының негізін қалаушы ретінде аталады. Ежелгі түркі сына жазуы ескерткіштерінің авторлары Тоныкөк пен Иоллығ тегін І-нің ақылды, жаужүрек болғанын әрі соғыс өнерін жетік білгенін, соның нәтижесінде көп жыл билік құрғанын баса айтады. Солт. Кавказ бен Қырымға жорық жасады. Осы жорықтың аяғына қарай І. қайтыс болып, орнына баласы Данже таққа отырып, өзін Дарту қаған деп атады.
Елена Тугоркановна XI - XII
Киев князьдігінің няжнасы. Половец тер отбасынан Тертер-Оба. Тугоркан ханның үлкен қызы. Туғанаты белгісіз. 1094 жылы оның әкесі Стугна өзеніндегі шайқаста орыс князьдерінің әскерлерін талқандағанда, Ресей мен половец тер арасында бейбіткелісім жасалды. Одақтын ығайту үшін Тугоркан оны Святопольк Изяславичке үйлендірді. Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін ол Елена есімін алды.
Елизавета Куманская (1239 – 1290 жж)
Мажарстанның королевасы, Половец ханшайымы, Венгрия королі Иштванның (Стефан) әйелі, Половец ханы Котянның қызы болды. 1272-1277 ж. ұлы Ласло IV Кун кәмелетке толғанға дейін ол Мажарстанның регенті болды.
Елхан Хасан Бузург (XIII – 1356 ж.)
Хасан Бузург – Ирак пен Иранның Джелайрид әулетінен шыққан алғашқы билеушісі (сұлтан). Ол Хорасанда Хулагуидтер атынан билік жүргізген Хасанның ұлы. 1324 жылы Хасан Бузург Чобан Бағдат- Хатунның қызына үйленді, бірақ Илхан Әбу Саид оның әйелін алды. Хасан Бузург Кемахқа қамалды, содан кейін 1333 жылы Румның наибі болып тағайындалды. Әбу Саид қайтыс болғаннан кейін (1335) Хасан Бузург өзінің бәсекелестерін жеңіп, Бағдадтағы билікті басып алды (1340). Оның орнына ұлы Увейс келді.
Елхан Шейх Уәйіс Жалаир (XIV – 1374 ж.)
Сұлтан Уәйіс елхан Жалайыр мемлекетін 1356- 1375 жылдары биледі. Сұлтан Уәйіс Жалайыр мемлекетін гүлденген, қуатты хандыққа айналдырды. 759 хижра жылы Сұлтан Уәйіс әкесіне қауіп төндірген Әзірбайжан билеушілеріне қарсы жалайырлар әскерін бастап шықты. Бұл кезде Тебризде хан тағында Әхижұқ (Ахи-Джук) отырған еді (оны хан тағына отырғызған Жәнібек ханның Бердібек атты ұлы болатын). Әхижұқ Тебризден қашып, Нахичеван арқылы Қарабахқа жетті. Сол жерлерде әскер жинап, қарсы шыққанымен, жалайыр елхан оларға күйрете соққы беріп, 760 жылдың көктемінде Әхижұқтың басын алды. Деректерге қарағанда, Сұлтан Уәйіс өзінің астанасын Тебризге көшірді. Сөйтіп, кезінде Шопани әулетіндегі моңғол билеушілері әкесі Шейх Хасан Бұзырықтан тартып алған Әзірбайжан мемлекетін Жалайыр елхандығының құрамына енгізді.
Едіге би (1352 – 1419 жж.)
Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы.Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай ордасы деп атаған. 1397 ж. Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 ж. Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темір Құтлық өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғысханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). 1408-1409 жж. Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. 1410-1412 жж. Ноғай ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 ж., 67 жастағы Едіге би Ноғай ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады.
Ер Қосай батыр Құдайкеұлы (1507 – 1594 жж.)
Алшын тайпасынан шыққан халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен қаласының қасындағы Ер Қосайдың бастауымен қойылған «Ер Сары қайрағы» қада тас белгісі тұрған жерде көрші халықтар өкілдерінің бас қосуы өтіп тұрған. 2007 жылы қазан айында Ер Қосайдың 500 жылдығы аталып өтті, ерлік өмірі зерттеліп, дәріптелген ғылыми-теориялық конференция болды. Жаңаөзен қаласында Ер Қосай атындағы мешіт, теңізде кеме бар. Еліміздің батыс қақпасы саналатын Атырау облысындағы Ресеймен арадағы шекарада орналасқан бөлімшесіне Ер Қосай батырдың атағы берілді.
Елена Глинская (1508 – 1538 жж.)
Елена литвалық Глинскийлер отбасынан шыққан князь Василий Львовичтің қызы болды. Мәскеудің ұлы княжнасы 1533-1538 жж. Елена Глинскаяның бұйрығымен 1535 жылы Мәскеуде Мәскеу маңындағы Китай-город деп аталатын бөлігінің айналасында ағаш- топырақ қабырғаларының құрылысы басталды. Елена кезінде Мәскеудің құрылысы мен безендірілуі жүргізілді, көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатылды. Елена Глинскаяның билігінің ең маңызды сәті ақша реформасын жүзеге асыру болды. Ол іс жүзінде штатта бірыңғай валютаны енгізді. Бұл салмағы 0,34 г күміс ақша болды.Бұл мемлекет экономикасын тұрақтандырудағы маңызды қадам болды.
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн (1016 – 1077 жж.)
Ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.
Жалаңтөс Баһадур Сейітқұлұлы (1578 - 1656 жж.)
Самарқандтағы Бұхара хандарының қолбасшысы, саясаткері, губернаторы (әмірі). Сырдарияның саға- жағалауын мекен еткен Алшын елінің Әлімұлы рулық бірлестігінен тарайтын Төртқара руынан шыққан.Өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі. Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді.1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ және өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жөңгір ханға 20 мың өскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты.
Жанша (Жаханша) Досмухамедов (1887 - 1938 жж.)
Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер. 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады.
«Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.
Иман батыр Дулатулы (1780 – 1847 жж.)
Иман Дулатұлы (1780, бұрынғы Торғай уезі, Дулаттың Қызыл жары – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр, Ресей отаршыларына қарсы көтеріліс қайраткері, Амангелді Имановтың атасы.Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасының ұзын тармағынан тарайтын кедел руының Бегімбет атасынан.Иман батыр көтерілісшілердің Ақмола приказына, Көкалажар қамалына, Айдарлы, Байтоқ қоныстарына шабуылдары, Ұлытау, Торғай, Ырғыз далаларындағы ұрыстары кезінде ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. бірқатар қазақ батырлары аттарының басын кері бұрғанда берген антынан таймай, ханмен бірге қырғыз манабы Орманға қарсы Кекілік тауының шығыс беткейіндегі шайқаста, қазіргі Тоқмақ қ-ның маңындағы Майтөбе деген жерде қолға түсіп, қаза тапқан. Осы соғыста Иман батырмен бірге оның туған бауырлары Тауық, Кейкі, Қарауыл және үлкен ұлы Бердәлі де мерт болған.
Күлтегін Құтлықұлы (685 - 731 жж.)
Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Құтлық қағанның кенже баласы. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712–713 ж. ж түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан.
Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды.
Кончак хан (Кұншақ) (1125 - 1204 жж.)
Кончак – 12 ғасырдың 2-жартысында өз қол астындағы шығыс половецтердің тайпаларын біріктірген половец ханы. Ол өз жорықтарымен Оңтүстік Русь княздіктерін жиі мазалайтын. 1170 жылы князь Мстислав Изяславичке қарсы соғысты. 1171 жылы Северскіге шабуыл жасады. 1174 жылы Оңтүстік Переяславльге барып, өзен бойындағы жерлермен соғысты.1180 жылы Игорь Кончакты өзімен бірге Вышгородқа шақырды, бірақ онымен бірге князьден қашып кетті. 1203 жылы Рурик Ростиславич князьмен бірге Киевті басып алып, қорқынышты тонауға ұшырады.1204 жылыСүбедей мен Жебе моңғолдарымен шайқаста қаза тапты.
Кетбұға (Кетбуга нойан) (1184 – 1260 жж.)
Жырау, күйші, аңыз кейіпкер, қазақтың ұлы жырауы, сазгер-күйшісі және халықтың тарихи аңыздарының кейіпкері. Көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ көшпелі жыраулық өнердің негізін қалаушы. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер "Шаджарат ат-түрік" (Түркі шежіресі) кітабінда кездеседі. Шыққан тегі – Найман.Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Терістаңбалы руының бағаналы руы.
861 жылы (=1457) белгісіз автор құрастырған «Шаджарат әл-Атрак» («Түріктердің шежіресі») кітабында аң аулау кезінде Шыңғыс ханның ұлы Жошының қайтыс болғандығы туралы ешкімнің батылы жетпеген кезде нөкері және Шыңғыс хан әмірлерінің бірі лақап аты «Ұлы жыршы» («Аталық жырау» — жыршылардың ұлы әңгімешісі) болған Кетбұға осы ауыр жүкті арқалап, бірінші болып «Ақсақ құлан» күйін орындай тұңғышы Жошының қайтыс болғандығы туралы хабарлады.
Кутлу Арслан (XII - XIII ғ.)
XII ғасырдағы грузин саясаткері. Оның бастауы Дәуіт IV (1089–1125) патша кезіндегі Солтүстік Кавказ даласынан Грузияға қоныстанған түркі тайпаларынан бастау алады. Көбінесе бүлікшіл грузин феодалдарынан айырмашылығы, Кутлу Арслан Грузин патшасы Георгий III-ге (1156–1184) адалдығы арқасында ерекшелікке қол жеткізген.Шамамен сол жылы. , ол патша билігін парламенттік заң шығарушы түрімен шектеу идеясын ұсынған дворяндар мен азаматтардың партиясын басқарды, ол Кутлу Арслан мен оның ізбасарларының пікірінше, екі палатадан тұрады: (сөзбе-сөз «зал») немесе жиналыс. Корольдіктегі оқиғаларды бақылап отыру үшін мезгіл- мезгіл жиналатын және (сөзбе-сөз «лагерь») тұрақты сессияда заң шығарушы орган. «Карави партиясы» мен шексіз патша билігі арасындағы дау Құтлу Арсланның тұтқындалуымен аяқталды. Кек ретінде соңғысының жақтастары көтеріліс жасап, патшайымның сарайына көшті. Тамар оппозиция жетекшісін босатуға келісті, бірақ оның идеялары ешқашан орындалмады.
Кобяк (Көбек) хан (XII ғ. - 1184 ж.)
1170-1180 жылдары Ресейге бірнеше рет жорық жасаған половец ханы орыс князьдерінің өзара соғыстарына да қатысты. 1171 жылы ол Кончакпен бірге Северск отрядтарымен Половец жеріне келген князь Игорь Святославичтен маңызды шайқаста жеңіліп қалды. Атақты шайқас Ворскла өзенінің маңында болды.
Котян (Көтен) хан (XII ғ. - 1241 ж.)
Х ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық ХIII ғасырдың басында Мажарстанға қоныс аударады. Көтен хан (Котян) ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239-40 жылдары қоластындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойынша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Ол орыс княздіктеріне қарсы алғашқы кун жорықтарын басқарды. Кейінірек кумандық Елизавета деп аталатын Котянның қыздарының бірі Бела IV ұлына тұрмысқа шықты.
Кубасар (Құмбасар) (XII– XIII ғ.)
XIII ғ половец армиясының қолбасшысы Құмбасар 500 адам әскерімен грузин королі Георгий III көтерілісті басуға көмекке келіп, Грузияда көп уақытқа қалады, кейін «амирспасалар» атағын алады (Әскери министр). Құмбасар патшайым Тамараға да қызмет етті. Ол Грузия патшалығының тәуелсіздігін нығайтуда үлкен рөл атқарды. Кейінірек,ол Шығыс Түркияға қоныстанды. Құбасар фамилиясымен ұрпақтары әлі күнге дейін Эрзурум, Трабзон, Сюрмене қалаларында тұрып жатыр.
Кучебадур (XIII ғ.)
Юань империясының әскери қолбасшысы, Моңғолияның көшпелі дворяндарына қарсы соғысына қатысты. Юань империясында барлығы 60 қыпшақ болғанын тарихшылар атап өткен. 1286 жылы Қыпшақ гвардиясы құрылды, оның құрамына қыпшақтардан басқа қаңлылар мен қарлұқтар кірді.Юань империясында қыпшақ гвардия қарауылы «оң» және «сол» болып, әрқайсысы 18 және 10 мың адамнан бөлінді.Кучабадур 10 мың әскерді басқарды.Кучебадур 1262-1277 жылдардағы Хубилайдың барлық жорықтарына қатысты. Яғни, Қытайдағы, Жапониядағы және Моңғол көтерілісшілерімен болған соғыстарда.
Кенесары хан Қасымұлы (1802 – 1847 жж.)
Кенесары хан немесе Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі — 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841–1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, Абылай ханның немересі.1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды.
Құтлық Елтеріс қаған (650 - 691 жж.)
Құтлық Елтеріс қаған, Білге Құтлұғ қаған, Елтеріс Білге қаған, Құтылық (650 – 691) – екінші Шығыс түрік қағанатының негізін салуышы, алғашқы қағаны (682 – 691). Құтылық – оның шын есімі, ал Елтеріс Білге лауазымы.682 – 687 жылдар аралығында шығыс Түркілер Құтылықтың қолбасшылығымен Қытайға қарсы азаматтық күрестің жеңісінене кейін өз мемлекетін құрды. Күлтегіннің жазбасында айтылғандай құтылыққа мемлекетті аяғынана тік тұрғызу оңайға түскен жоқ. Құтылық өзі ел басқарған 9 жыл ішінде Қытайға және басқа да сыртқы жауларына 47 жорық жасаған. Соның ішінде ірі – ірі 20 шайқаста Құтылық басқарған қол ірі жеңіске жеткен. Құтылықтың әкесі де Ашина тайпасын бастап жорыққа қатысқан.
Қорқыт ата (VI – IX ғғ.)
Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби- музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда, зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
Құлан Абыз (Құнан қыпшақ) (IX – X ғғ.)
Қыпшақтардың Шығыс Алтайдан Еділ өзеніне қоныс аударуының басшысы. Бұл тарихи оқиға қытай Юаньши жылнамасында жазылған. Оның ұрпақтары Сары абыз – Сары хан – Шаруқан – Ұран хан - Қыпшақ әулетін құраған белгілі хандары.
Қызыл Арслан Мұзаффар Ельдегизид (XII - 1191 ж.)
Әзірбайжанның үшінші ұлы атабегі, Илдегизидтер мемлекетінің билеушісі. Сондай-ақ 1191 жылы Ирак сұлтанатының сұлтаны.1190 жылы Қызыл-Арслан шайқаста жеңіске жетіп, Тоғрул III мен оның ұлы Мелікшахты тұтқынға алды. 1191 жылы Қызыл Арслан халифа Ән-Насырдың келісімімен өзін сұлтан деп жариялады.Елдің экономикасы мен мәдени дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптасты.
Қазтуған жырау Сүйінішұлы (1420 – XV ғ.)
Қазтуған Сүйінішұлы - мырза, батыр, жырау.Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді.
Қасым Хан (Қасым хандығын құрушы) (XV - 1469 ж.)
Алтын Орда ханы Ұлығ-Мұхаммедтің ұлдарының бірі Қасымға қызметі үшін оған ұлы князь Иван ІІІ 1452 ж. шамасында өз атымен аталатын қала салуға рұқсат берді. Хандықтың орталығы - Қасым қаласы болды.Қасым өз иелігінде мешіт пен тас қамал тұрғызды. 1469 жылы Қасым қайтыс болғаннан кейін, иелігі ұлы Даниярға (1469-86) өтгі.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыр (1535 - 1607 жж.)
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530- 1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.
Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1823 - 1896 жж.)
Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты.
Мөде қаған Тұманұлы (234- 174 ж.б.з.д)
Ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы.Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «шаньюй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұндар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәндес. Қазіргі тарихшылардың шаньюйді «тәңірқұты» деп аударады.
Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тумәнді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімін деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дунху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай - иән секілді елдерді жаулап алып, шағын ғұн хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді.
Мұқан қаған (VI - 572 ж.)
Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті.
Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.
Манас батыр (IX – X ғ.)
Орта Азия мен Қытайға жасаған жорықтарымен танымал.Манас батыр Алатау тауларының Талас ауданында Қырғыстанның солтүстігінде жерленген деген болжамдар бар. Талас қаласынан 40 км-дей жерде орналасқан кесенеде батырдың мәйіті жерленген деседі. Бұл кесене саяхатшылардың үнемі барып тұратын жері. 1995 жылдан бастап бұл жерде қырғыз халқының дәстүрлі атүсті ойындары өткізіледі. Алайда мазардың үстіндегі жазуда «Әйелдердің әйгілісі Кенізек-ханым, Абықа әмірінің қызы», - деген арнау бар. Дастан мазмұнында бұл жағдай былай түсіндіріледі: Кәнікей, Манастың жесірі бұл арнауды дұшпандарды алдап, кесенені бұзылудан сақтау мақсатында әдейі жазғызыпты. Сондай-ақ «Манастың күмбезі» деген атпен белгілі ғимарат шамамен 1334 жылы салынған болуы керек. Қирап қалған бұл құрылыстың орнында Манас батыр мен дастанға арналған мұражай орналасқан.
Махмұд Әл-Қашғари (1029 – 1101 ғ.)
Түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған.
Мукали – гойон (1170 - 1223 жж.)
Қолбасшы, Шыңғыс ханның ең жақын серіктерінің бірі. Жалайыр тайпасының жат тармағынан шыққан. Мұхали шын мәнінде Шыңғыс ханның Орталық Азияға жорығы кезінде Цзинь империясына қарсы соғысты басқарды, 1217 жылы ол го-ван титулына ие болды - ол жоқ кезде Шыңғыс ханды «орнына қойған» князь дегенді білдіреді. Қытайдың Шэньси провинциясындағы Юлинь қаласында жерленген.
Музаффар ад-Дин Узбек Ельдегизид (XII - 1225 ж.)
Түркі әулетінен шыққан Илдегисидтер мемлекетінің соңғы билеушісі. Қазіргі Әзірбайжан мен Солтүстік Иран территорияларына жататын жерлерге билік жүргізді. Осы шапқыншылық кезінде моңғолдардың Тебризге 3- ші шабуылына байланысты ол Нахичеванға қашады. Алайда, 3-ші шабуылдан кейін де қала өз нәтижесін бере алды. Әлижан-қала бекінісінде қаза тапты.
Майқы би Төбеұлы (XII - XIII ғ.)
Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар башқұрт қарақалпақ өзбек халықтары бас биіміз деп санаған.Ежелгі тарихшы Рашид-ад-диннің «Жамих-ат тарауих» дегне еңбегінде екінші Майқы би Шыңғыс ханның, Шыңғыс хан өзі жорыққа шығарда оны өз орнына қалдырып, кететін сенімді бас биі болғаны, дау дамай содан шешімін тауып отырғаны көрсетілген.Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған.
Момине Хатун (XII ғ.)
ХІІ ғасырда Әзірбайжан тарихын анықтаған әйел.Ол Елдегіздер әулетінің негізін қалаушы, Атабек мемлекетінің негізін қалаған Шамс ад-Дин Ел-Дениздің әйелі.Шежіреші Садраддин әл-Хусейнидің айтуынша, Момине Хатун Ел-Денизді ел аралаған сапарларында ертіп, мемлекеттік мәселелерді шешкенде оның пікірін ескерген.Нахчыванның керемет ортағасырлық ескерткіштерінің бірі - Момине Хатун кесенесі.
Мамай (Кіші Мұхаммед) (1335 - 1380 жж.)
1361-1380 жылдар аралығында Алтын Орда – Мамаев Ордасын басқарды. 1378 жылдың көктемінде астанасы Сығнақ мемлекетінің шығыс бөлігі (Көк Орда) құлағаннан кейін Тоқтамыс Мамай басқаратын батыс бөлігіне (Ақ Ордаға) басып кірді. 1380 жылдың сәуіріне қарай Тоқтамыш бүкіл Алтын Орданы солтүстік Азов теңізіне дейін, соның ішінде Азақ қаласын (Азов) басып алды. Мамайдың бақылауында тек оның туған половец даласы - Солтүстік Қара теңіз аймағы мен Қырым қалды.
Мырза Мухаммед Хайдар Дулати (1499 - 1551 жж.)
Әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының (руы) аты.
Мұстафа Шоқай (1890 – 1941 жж.)
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан 1890, Әулие- Тараңғыл, Түркістан генерал-губернаторлығы, Ресей империясы — 27 желтоқсан 1941, Берлин, Германия) — қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы. Түркістан автономиясының екінші министр-төрағасы (1917—1918), Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшесі (1917—1920). 1921 жылдан бастап Парижде қуғында өмір сүрген.Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі.Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі сайланды. Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті.
Мәншук Мәметова Жиенғалиқызы (1922 - 1943 жж.)
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Мурад Эскендирович Аджиев (М.Аджи) (1944 - 2018 жж.)
Кеңестік және ресейлік жазушы, публицист, ұлты құмық. 1990 жылдардың басында ол «ыстық» жерлерге сапарларға қатысты, Кавказдағы әскери операциялар туралы эсселер жазды. Содан кейін Аджиевтің жаңа тақырыпқа деген қызығушылығы туып, оның кейінгі қызметін айқындады. Ол өз халқы – құмықтардың тарихына қызығушылық танытты.Аджиев 1999 жылы мектеп оқушыларына арналған «Қыпшақтар. Түріктер мен Ұлы даланың көне тарихы» кітап шықты. 2006 жылы бұл кітап Қазақстанда қайта басылып шықты. Ал 2001 жылы «Қыпшақтар. Оғыздар. Түріктер мен Ұлы даланың ортағасырлық тарихы» деген жалғасы басылып шықты.
Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман Өзтүрік (1954 - 1995 жж.)
Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.Найман тайпасының Байжігіт руынан. Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
Нәзір Төреқұлов (1892 - 1937 жж.)
Нәзір Төреқұлов (1892, Қандөз, Сырдария уезді, Түркістан өлкесі, Ресей империясы (қазіргі Қандөз ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) – 3 қараша 1937, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы Көтенше тармағының Маңғытай руынан. 1932 - 1936 жылы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті.1932 жылы маусымда Сауд Арабиясы королінің мұрагері Фейсал әл-Саудтың КСРО-ға ресми сапарын ұйымдастырды.1936 жылы КСРО Ұлттар кеңесінің жанындағы Орталық тіл және жазу ғылыми-зертханалық институтына қызметке орналасты.1937 жылы шілдеде “халық жауы” ретінде айыпталып, ату жазасына кесілді.
Нығмет Нұрмақов (1895 - 1937 жж.)
Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов — (25 сәуір 1895 жылы, Семей облысы Қарқаралы уезі - 25 қыркүйек 1937 жылы Мәскеу) - ірі мемлекет және қоғам қайраткері.Нығмет Нұрмақов берік қалыптасқан интернационалист болды. Ол туған республика жетістіктерін бүкіл совет елінің табыстарымен тығыз байланыста қарады. Оның Одақтық үкімет алдына қойған бірқатар маңызды ұсыныстары терең дәйектілігімен назар аударды. Мәселен, астықты аудандардың бірі ретінде Қазақстанның ролін арттырудың қажеттігін мәселе етіп қойды. Партиялық және мемлекеттік жұмыстың қай саласында жүрсе де барлық күш-жігерін, ұйымдастырушылық дарыны мен білімін жаңа құрылыс ісіне аянбай жұмсады.1925 жылғы қыркүйек—қазан айлары — ВКП(б) Киробкомының бөлім меңгерушісі.
1924 жылғы қазан — 1929 жылғы сәуір — ҚАКСР
Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы.
1929—1931 жж. — Мәскеуде оқуда.
1931—1937 жж. — ВЦИК хатшысының орынбасары. ВЦИК Президумының бөлім меңгерушісі ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің ҚАКСР ОАК мүшесі.
1937 жылы атылып, 1956 жылғы тамызда ақталды.
Нұркен Әбдіров (1919 - 1942 жж.)
Әбдіров Нұркен (1919, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а. — 19.12.1942, Ростов облысы) - әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының Батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген[1]). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. 1939 ж. Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алды. Қызыл Армия қатарына 1940 ж. шақырылды. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж.), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған.
Ораз-Мұхаммед хан (XVI - 1610 ж.)
Қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы, Тәуекел ханның немере інісі, Ондан сұлтанның ұлы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында “қазақ ордасының ханзадасы” деп аталады. 1588 ж. Ораз Мұхаммед хан кеңесшісі (қарашысы) Қыдырғали Жалайыримен бірге Сібір хандығының астанасы Искерге (Қашлық) жергілікті билеуші Сейдахметке (Сейтек, Сейдақ) қонаққа барып, Сейтек ханмен бірге Ертіс бойында аңшылықта жүрген кезінде Тобыл воеводасы Данила Чулков жасағының қолына түсіп, Мәскеуге жөнелтілді. Федор Иванович патша оны жылы қабылдап, қызметке тартты. Ораз Мұхаммед патша сарайындағы салтанатты қабылдауларға, орыстардың шведтерге (1590), Қырым хандығына (1598) қарсы соғыстарына қатысты. 1594 жылдың соңында Тәуекел хан Мәскеуге аттандырған Құлмұхаммед елшілігі Ресеймен достық келісім жасау жөніндегі саяси ұсыныстармен қатар Ораз Мұхаммедті еліне қайтаруды өтінді.
Оспан батыр Исламұлы (1899 - 1951 жж.)
XX ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы.Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты.Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды.
1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күресті отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала- шаға да кіреді. 1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді.
Сары хан (Шарукан) (1050 - 1110 жж.)
Дон өзенінің жағасына қоныс тепкен қыпшақ тайпасының ханы. Әкесі Әсен хан, атасы әйгілі Құнан Әбыз. Сарыханның туған жылы белгісіз, шамамамен XI- XII ғасырларда өмір сүрген. Ол өзі ел бастап көшкенде және жорық кезінде ақыл-парасатымен көзге түскен. Сары хан қыпшақтарды 40 жылдай (1068-1107) басқарып, шашырап жүрген ұсақ ру-тайпаларды біріктіре білген. Жалпы, Сары ханның әулеті 150 жылдай билік жүргізген. Өздерін шығу тегі бойынша, «айдаhардан» таратып, «айдаhарға» табынатын кимек тайпасынан шыққан. Сондықтан оларды көрші тайпалар «ұранқайлықтар» деп жиі атайтын болған. Сары хан көршілес орыс князьдерімен жақсы қарым- қатынас жасаған. Бірақ, бірін-бірі күндеген орыс князьдерінен мезі болған Сары хан, 12 мың қол жинап, 1068 жылы Киевке аттанады. Мұздай қаруланған қыпшақ әскерінен қорыққан Киев князінің жасағы тым- тырақай қашып кетеді. Ол Киев қаласын алса да, өзінің даладағы өміріне қайта оралады. 1105 жылы Сары хан Бунақ ханмен бірігіп, Переяславльге қарсы соғыс ашып, Тұғырыл ханның кегін қайтаруды көздейді. Ұрыс алдында барлық әскерін жиып, оларға демалуға бұйрық береді. Осы жәйтті қыпшақ арасында жүрген қаны түркі, ал діні иудей бедекші Русь тыңшысына жеткізеді. Орыс әскерлері ұрымтал тұсты пайдаланып кетіп, Лубна деген жерде демалып жатқан қыпшақ әскеріне бас салады. Ұрыс тәсілдерін жетік қолдана білген Сары хан мен Бунақ батырдың арсында Мономах әскерінің шабуылы тойтарылады. Араға бір жыл сала екі жақ, 1107 жылы қайта қырқысты. Осы шайқаста Сары хан да, Бунақ та қаза тапты.
Сары Салтақ бақсы (XII- XIII ғ.)
Қазақ халқы тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, бойына тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, сиқыршылық қасиеттер қонған адамды бақсы деп атайды. Дешті Қыпшақтан шыққан бақсылардың ең құдіреттісі - Сары Салтақ. Ол атақты бақсы, таңғажайып тәуіп, керемет көріпкел, теңдесі жоқ қобызшы болған адам. Қобыз тартумен бірге ол қыпшақ тілінде эпикалық жыр айтып, кейде өлеңдер жазып жүрді. Аңыздарда да, тарихи шығармаларда да Сары Салтақ бақсының есімі еске алынады.
Сұлтан Шамс-әд- Дин Илтутмиш (XII - 1236 ж.)
Сұлтан Шамс-әд-Дин Илтутмиш 1211 жылдан бері Дели сұлтанатының үшінші билеушісі. Илтутмиш түрік текті отбасынан шыққан, бірақ ол ерте балалық шағында құлдыққа сатылған. Оны Құтб-ад-Дин сатып алды, кейін ол оған өте адал және пайдалы болды. Илтутмиш әдетте Делидегі Гулам әулетінің барлық билеушілерінің ең үлкені болып саналады. Оның тұсында Үндістандағы жаңа түркі империясы Құтб-ад- Дин тұсындағыдан әлдеқайда күшті болды. Осылайша, ол тарихта қажымас империя құрушы ретінде белгілі. Оның жомарттығы мен ғылымға қамқорлығын қазіргі тарихшылар жоғары бағалайды.1231-1232 жылдары Илтутмиш Дели қаласында Құтуб Минар мұнарасын салды.Көптеген туристер әлі күнге дейін осы тарихи орынға келеді.
Сұлтан Гийас әд- Дин Балбан (1201 - 1287 жж.)
Қазақ даласынан шыққан ұлы тұлғалар Үндістан жерінде де билік құрған.Бұл билеуші қыпшақтардың елбөрі деген тармағынан шыққан әрі 1246 және 1266 жылдары Дели сұлтандығын 20 жыл бойы басқарған. Ол мемлекетті күшейтіп, көптеген реформа жасаған: олар салық жүйесі, әскери сала, әкімшілік басқаруға қатысты болды. Және бұл өзгерістер өте пайдалы болған. Бүгінде Балбанның кесенесі Делидегі Мехраули тарихи кешенінде орналасқан.
Сұлтан Разийя Бегiм (1205 - 1240 жж.)
Дели сұлтанатының бесінші билеушісі (1236-1240). Ортағасырлық Үндістан тарихындағы алғашқы әйел сұлтан. Илтутмиш пен Түрқан-Хатунның қызы.1232 жылы Илтутмуш Гвалиор бекінісін жаулап алғаннан кейін Делиге оралды. Осы кезде оның үлкен ұлы Бенгал губернаторы Насыр ад-Дин Махмуд қайтыс болғандықтан, Илтулмуш уәзір мен бірқатар әмірлерді шақырып алып, қызы Раззияның мұрагері болатынын хабарлады.Дели тағына отырған жалғыз әйел Раззия болды. Ол 3,5 жыл билік етті. Тарихшылар оны ұлы, көреген түрік билеуші, әділетті, өз қол астындағыларға қамқор, әскери дарын иесі және билеушіге қажетті барлық тамаша қасиеттер мен қасиеттерді бойына сіңірген ғалымдардың әділ, қайырымды қамқоршысы ретінде сипаттайды.
Сұлтан әл-Мансұр Қалауын (1222 - 1290 жж.)
Мысыр мен Сирияның мәмлюк сұлтаны Қалауын 1279-1290 жылдар аралығында билік құрды. Ұлы тұлғамыз 1222 жылы Дешті Қыпшақта яғни Қыпшақ даласында туып, 10 қараша 1290 жылы Мысырда қайтыс болған. Тегі Қыпшақ елінің Бөрі оғлы руынан болады. Шашамен 1240 жылдары Мысырға құл болып сатылған. Әюби әулеті сұлтаны әл-Камилдің сарайына келген. Мысыр сұлтаны Салих Әюби Қалауынды мың алтынға сатып алғаны үшін оған арабша «мыңдық» деген мағынаға келетін «әл-әлфи» лақап аты берілген.Мысырда Қалауын Әмір Байбарыстың қол астына кіреді. Екеуінің де қыпшақ болуы олардың жақын қатынас орнатуына себеп болды. Қалауын 1252 жылы Дәлет әт-Түркия мемлекеті құрылғанда Айбекті қолдаған мәмлүктердің арасында еді. Алайда 1254 жылы Сұлтан Айбек кейбір мәмлүктерді өлтіргенде, бұл жағдайдың өздерінің басына да туу мүмкін деген қорқынышпен Қалауын досы Байбарыспен бірге түн ішінде Шамға қашып кетеді. Ол жерде Қалауын және басқа мәмлүктер Әюби сұлтаны Насир Юсуфтың қызметіне кіреді.
Сұлтан Әз-Заһир Бейбарыс (1223 - 1277 жж.)
Қыпшақтан шыққан мәмлүк сұлтаны аз-Заһир Бейбарыс әл-Бундуқдари үлкен жетістіктері үшін тарихта аты қалған әміршілердің бірі әрі бірегейі. Ол Мысырдың, қала берді, күллі Ислам жұртының дамуына өзіндік үлес қосқан сұлтаны, барша мұсылманға ортақ тұлғалардың бірі. Оның дәуірінде Мысырда үлкен құрылыстар салынып, ел экономикасы дамыды, соның арқасында елінің даңқы артып, сұлтанның аты да тарихта мәңгі қалды.Ол мәмлүк мемлекетінің негізін қалап, моңғолдар қиратқан Бағ- дадтағы аббасидтер халифатын қайта қалпына келтіруге тырысты.Осылайша крест жорықшылары мен моңғол шапқыншыларына қарсы шайқастарда талай жеңістерге жетті. Крестшілермен ұрыстарда Қайсария, Арсуф, Сафад, Яфа және басқа да қамал-қалаларын бірінен соң бірін алып, ақырында ірі шаһар Антакияны мұсылмандарға қайтарды.
Қазірде Мысырдағы Бейбарыс сұлтан дәуірінде салынған ескерткіштер сол замандағы елдің қаншалықты дамығанын, сұлтанның оған қаншалықты үлес қосқандығын айғақтайды.
Сұлтан ан-Наср Мұхаммед (1285 - 1341 жж.)
Ән-Наср Мұхаммед Сұлтан Қалауынның кенже ұлы және сұлтан Әл-Ашраф Халилдің ағасы болды. 1293 жылы әл-Ашраф Халил өлтірілгеннен кейін ол Зайн ад- Дин Китбуғамен бірге регент және вице-сұлтан болып тағайындалды.Ан-Насыр небәрі 8 жаста болғандықтан, ол тек аты жөнінен сұлтан болған.
Есейіп келгенде, Ан-Насир Мұхаммедтің тұсында Египеттің саяси күш ретіндегі жағдайы өсті. Шетелдік делегациялар мен король елшілері әл-Насирден көмек және достық іздеп Каирге сыйлықтармен жиі барды. Бұл сапарлардың арасында Рим Папасы Иоанн XXII және Франция королі Филипп VI елшілері болды. Папа елшілері 1327 жылы маусымда Каирге сыйлық пен Рим Папасының хатымен келді, ол ан-Насирге христиандарға жақсы қарауды, христиандық қасиетті жерлерді қорғауды және оның апалы-сіңліге шабуылын тоқтатуды сұрады. 1330 жылы ақпанда король Филипп VI 120 адамнан тұратын делегацияны жіберді, олар ан- Насирге Филипке Иерусалимді және Левант жағалауындағы оның маңындағы аудандарды қамтамасыз етуді сұрады. Ан-Насир француз елшілері мен олардың патшасын қорлап, Мысырдан кетуді бұйырды.
Сыпыра жырау Сұрғантайұлы (XIII – XIV ғ.)
Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау- монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата- бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды.
Сұлтан ан-Наср Хасан (1334 – 1361 жж.)
Мысырдың Мамлюк сұлтаны, 1347–1351 және 1354–1361 жж. билік құрған.
Оның 12 жасында бастаған бірінші билігі кезінде оның әкімшілігінде ан-Наср Мұхаммед басқарған аға мәмлюк әмірлері үстемдік етті, ал ан-Насир Хасан текекінші рөл атқарды. Екінші билігі кезінде ан-Насир Хасан жетекші әмірлерге қарсы шығып, оларды және олардың жақтастарын түрмеге жауып, мәжбүрлеп әкімшіліктен тазартты.Ол сенімдірек деп тапқан көптеген мамлюктерді ауыстырды.
Ан-Наср Хасан өзінің екінші билігі кезінде Каирде Сұлтан Хасанның мешіт-медресе кешенін, сондай-ақ Каир, Иерусалим, Газа және Дамаскідегі басқа да сәулеттік құрылыстарды, атап айтқанда діни ғимараттарды салуды бастады.
Сююмбике – Казан хандығының патшайымы (1516 - 1557 жж.)
Қазан хандығының билеушісі (1549-1551), ноғай биі Жүсіптің қызы және Ноғай Ордасы әулетінің негізін қалаушы Едігейдің шөбересі.XV ғасырдың аяғынан бастап Қазан хандығын кім басқарады деген сұрақ екі саяси топтың қарама-қайшылығына айналды. Бірі Қырым хандары мен Мәскеуден тәуелсіздік алуды жақтаса, екіншісі астанамен жақындасуды жақтады. Олардың қақтығысы жиі қарулы қақтығыстарға әкеп соқты – не Мәскеу Қазанға қарсы соғысты, не керісінше.Сүйімбике 1551 жылға дейін билік етті, 1552 жылы қаланы Иван Грозный әскерлері басып алды.
Қазірге дейін Қазан Кремліндегі жеті деңгейлі мұнара Сүйімбикенің атымен аталады. Сююмбике патшайымның нақты қайтыс болған күні белгісіз, тарихшылар оның 1557 жылы қайтыс болғанымен келіседі.
Сайн-Булат хан – Великий князь всея Руси Симеон Бекбулатович (XVI - 1616 жж.)
Герай әулетінен шыққан татар князі, Алтын Орда хандарының тікелей ұрпағы.1558 жылы Князь Саин- Булат әкесімен Бек-Булат сұлтанмен Иван IV Грозный қызметіне шақырылды. 1575 жылы Иван lV Симеонды «Бүкіл Русьтің Ұлы Князі» деген атауын берді.Ресей тағында билік еткен жылдары Симеон боярлық думаны басқарып, тіпті өз атынан үкімет жарлықтарын шығарды. Иван Грозный қайтыс болғаннан кейін Симеонның ұстанымы да өзгерді. Борис Годуновтаққа отырған кезде, Симеонатағы мен жерінен айырылады, соқыр болып қалғаны туралы да бірнеше нұсқалар бар.
Сырым Датұлы (1753 - 1802 жж.)
Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.Шыққан тегі — Кіші жүздің Алшын тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды.
Токсарис (Тоқсары) (VII – VI ғ.б.з.д)
Геродоттың және баска да грек ғұламаларының скифсак жұртынан шыққан біздің арғы бабаларымыз туралы қалдырған деректер бар. Афина тұрғындары Тоқсарыны құрметті дәрігер ретінде білетін. Тоқсарының даналығы, тіпті «өлген адамды тірілте алатын» балгерлігі хақында аңыз-хикаялар көп-ақ. Ол туралы атақты кианның «Скиф жөне қонақ» деген шығармасынан бір ауыз сөз келтірейік. «Токсары Скифияға қайтып оралмаған, ол Афинда қайтыс болды, кейіннен ұлттык қаһарман ретінде танылды. Элладалыктар оған жат жерден келген Балгер-Өулие ретінде жыл сайын кұрбандық шалады».
Тарғытай – скиф патшасы (1500 б.з.д)
Скифтер Тарғытайдың шығу тегі жөнінде оның әкесі
– Зевс, шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді. Ертеде гректер Борисфен деп Днепр өзенін айтқан.
Тарғытайдың үш ұлы болған. Олардың аттары – Липоксай, Арпоксай және Қолақсай. Олар – үш скиф халқының бабалары.
Тарғытай патшалық құрған кезде скиф жеріне Көктен алтын заттар (Тәңірдің сәлемдемесі): соқы, мойынтұрық, айбалта және тостаған түседі. Бұл заттарды үлкен ағалары Липоксай бірінші болып көреді. Ол әлгі заттардың қасына барып жерден көтерейін десе, алтын лап ете түседі. Ол шегініп, енді ортаншы ұл Арпоксай жақындайды. Алтын тағы да от құшағына оранады. Лапылдап жанған алтынның ыстығы екі үлкен ағасын тоқтатып, тек үшінші, кенже ұл жақындағанда ғана жалыны өшеді. Ол заттарды өз үйіне апарадаы. Сол себептен ағалары патшалықты және соған қоса үлкендік жолыг інілеріне беруге келіседі.
Үлкен ұл Липоксайдан авхат деп аталатын скиф тайпасы өрбіген. Ортаншы ұл Арпоксайдан катиар және траспи халықтары, ал кішісі Қолақсайдан паралат тайпасы тарайды. Барлық тайпаларды бірге қосып, сколоттар, яғни патша адамдары деп атайды.
Эллиндер (ежелгі гректер) оларды скифтер деген.
Тоғрылхан (Тугоркан) (1028 - 1096 жж.)
Қыпшақ ханы, Боняк ханның ең жақын серігі. Олар бірігіп, Византияны печенегтерден құтқарды. 1093 жылы Святополк Изяславичпен соғысты. 1094 жылы бейбітшілік орнады және Святополк шомылдыру рәсімінен өткен Елена Тугорканның қызына үйленді.Оның резиденциясы қазіргі Киевтегі Труханов аралында орналасқан.
Тоғрыл Торы Уан хан (1130 - 1203 жж.)
Керей мемлекетінің ұлы билеушісі, Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен анда болған Керей мемлекетінің ұлы ханы.Тұғырыл хан 1130 - 1203 жылдар аралығында өмір сүрген. Моңғолияның Қарақорым маңайы. Керей мемлекетінің ұлы хандарының бірі Марқұз ханның ұрпағы. Әкесі - Құржақұз Бұйрық ханның бес ұлының бірі. Хандық билік құрған жылдары 1168 – 1203 ж.ж. Тұғырыл хан билік құрған жылдары Керей мемлекеті ұлы Монғол үстіртіндегі сайын далада өзіндің саяси бағыт бағдар ұстанған және Еуразия құрлығына аты жайылған іргелі елге айналды.
Орта ғасырлардағы тарихшыларының жазба деректері бойынша сол кезде Керей мемлекетінің халық саны оған бағынышты рулар мен тайпаларды қосқанда тоғыз жүз мыңға дейін жеткен. Енді бір тарихи құжаттарда екі жүз мың жан болған деп жазылады. Олар ақылды хандарының арқасында алтын шатыр тіктіріп, алтын кеседен су ішкені жайында тамсана жазды. Сол заманда өте қуатты әскери саяси күшке айналған Керей ұлысы мемлекеттік сипатқа ие болып қазіргі Монғолияның астанасы Улан Баторға таяу жердегі Қарақорымға ордасын тікті.
Таян хан (Тайбұға) (1134 - 1204 жж.)
Хан, Батыс Сібірді басқарған, Сібір ханы Он-Сом ханның (Уаң хан дәрежесі болған) ұрпағы. Сібір аймағында Тайбұға басқарған ұлкен ұлысы болғандығы тарих жазбаларында бар. Бұл туралы Сібір жылнамаларында мынадай деректер бар. Есіл өзенінің Магмет заңындағы (мұсылман діні) Он атты патша өмір сүрді. Тайбұға – оның ұлы. Шыңғыс оны жақсы қарсы алып, өзін бағынғандардың бірінші князі деп атап, оған жеке жер үлесін берді. Шыңғыс патша Тайбұға князға үлкен құрметпен қарады және Тайбұға Шыңғыс патшадан өзі тұрғысы келетін жер сұрады. Шыңғыс патша «қайда тұрғың келсе, сонда тұр, – деп жібереді. Тайбұға князь бүкіл өзінің руымен Тұра өзеніне кетіп, сол жерде Чымға қаласын көтерді, Түмен (Тюмень) қаласы осы жерде».Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Чыңғы (Чымға) деген қала салады. Тайбұға тұқымы бұл өңірде XV ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді.
Тутук – Юань империясының бас әскери қолбасшысы (XIIIғ.)
Қытайда Құбылай қыпшақ гвардиясын құрды. Тутук бұл күзетшінің бастауында тұрды. Бұл қыпшақ Шығыс Қыпшақтардың билеуші әулетінің ұрпағы болған. Әкесі Балтучак, Хулусуманның атасы, Инасаның (Иналжық) арғы атасы. Ол әскери қолбасшы және шығыс қыпшақтардың руынан шыққан билеуші Баяуут руының өкілі. Тутук Балтучақтың ұлы, Хулусуманның немересі болды. Балтучак монғолдардың Дали (Наньчжао) патшалығына қарсы жорығына қатысты. Моңғолдардан ол күшті батыр атағын алған. Қаанның тұсында ол шанфан қызметін атқарды. Оның қарамағында қағанға тиесілі үйір-үйір жылқылар болды. Ол шенеуніктерді басқарып, шаруашылықтардан сотқа қара қымызды жеткізуді қамтамасыз етті. Тұтук алғаш рет 1260-1261 жылдары әкесімен бірге Хубилайдың Ариг-Бұғаға қарсы жорығына қатысқан кезде аталды.
Тайдула - Алтын Орданың ханшасы (XIV- 1361 ж.)
Алтын Орда ханы Өзбектің әйелі, оның ұлдары Тінібек пен Жәнібектің анасы. Орыс тіліндегі аудармада одан қалған үш ақпарат сақталған: Сарай епископы Иоанға жолдау хаты, Митрополит Феогностқа мақтау қағазы және Митрополит Алексийге өту хаты.
Тайдуланы сауықтыру үшін хан Жәнібек митрополит Алексейге Мәскеу патриархалдық ғибадатханасында сақталған сақинаны сыйға тартты. Тарихшы Николай Михайлович Карамзин Тайдуланың Туламен үндес емес есімін алып, 18 жыл бойы Тула орналасқан және басқақтардың билеген жері ханшаға (шамамен 1340 жылға дейін) тиесілі екендігін негізге ала отырып, бұл атауды жатқызады.
Тоқтамыс хан (1342-1406 жж.)
Алтын Орда ханы, Жошы хан әулетінен.Әкесі Ұрыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін, Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барды. 1378 – 1379 жылдары Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алып, Ақ Орданың билеушісі болды. Ол Мамайдың Күлік шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды басып алды. Таққа отырысымен Шыңғыс хан әулетінің тақ үшін 25 жыл бойғы қырқысуларын жойды, ақша реформасын жүргізді. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, Қажы-Тархан, Қырым иеліктері мен т.б. ұсақ ордалардың басын қосып, қуатты Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтіруге күш салды.Тоқтамыс 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты.
Төле би Әлібекұлы (1663 - 1756 жж.)
Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Тұрар Рыскұлов (1894 - 1938 жж.)
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері және жазушы. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді.
1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.
Ысқақ Сағымбаев 1903 - 1942 жж.
Ысқақ Сағымбаев Қостанай облысы Жангелді ауданында 1903 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Қостанай қаласында комбайн машинисі оқуын бітіріп, 1941 жылға дейін Федоров ауданында жұмыс істеді. 38 жаста Ұлы Отан соғыстың әскер қатарына шақырылып, Сталинград қаласының шайқасында соғысты. 1942 жылы сол жерде жарақат алып, ерлікпен қаза тапқан. Соғыстағы және еңбектегі ерен еңбегі үшін бірнеше орден және медальдармен марапатталған. Волгоград шаһарында орналасқан атақты Мамай қорғанында жерленген.
Халил Сұлтан (аль- Ашраф) 1262 - 1293 жж.
Мысырдың 8-ші мамлюк сұлтаны Әл-Ашраф Халил 1290 жылы 9 қарашада әкесі қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. Ол бір жағынан өзінің билігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, екінші жағынан кесенесі аяқталғанға дейін екі ай бойы Қалауынның жерленуін кешіктірді. Билікке келген соң әл-Ашраф Халил әкесінің шамамен 6000 мансури мәмлүктерін өзінің 1200 адамдық ашрафия мәмлүк корпусына қосып алды. Бұл кейбір мәмлүктердің наразылығын тудырды. Елдегі ең ықпалды мәмлүктердің бірі атабек яғни басқолбасшы Тұрынтай оған қарсы қастандық жасады, бірақ ол сәтсіз аяқталды. Әл-Ашраф Халил әмір Тұрынтайды тұтқынға алып, ақырында өлім жазасына кесті. Осыдан кейін Сұлтан Халилдің үш жылдық билігінде атабектер көп ауысып отырды. Осылайша 1187 жылы Салахаддин бастаған және Байбарыс пен Қалауын жалғастырған крестшілерді аймақтау қуу жорықтарын ақырында Халил аяқтады. Крестшілердің 200 жылдық соғыстары бекер болды. Сириядағы крестшілер королдіктері толығымен жойылды. Ал ІІ Людовиктің Мысырға қарсы ұйымдастырған жетінші крест жорығы сәтсіздікпен аяқталды. Сұлтан сонымен бірге Кипрге және Багдадты басып алған моңғолдарға шабуыл жасауды жоспарлады. Алайда оның ішкі саясаттына наразы болған кейбір мәмлүктер оны қастандықпен өлтірді.
Шамс әд-Дин Ельдегиз (1127 - 1175 жж.)
Әзірбайжанның Ұлы Атабекі, Иранның солтүстік- батысында (Иран Әзірбайжаны) және қазіргі Әзірбайжан территориясының бір бөлігінде билік еткен ортағасырлық түркі Илдегисидтер әулетінің негізін қалаушы.
Шамсаддин құлдыққа сатылған қыпшақ болған. Әуелі селжұқтардың уәзірі Сумайрами қызметін атқарды, ал 1122 жылы Сұлтан Масуд ибн Мұхаммедке (1133-1152) келді, ол оны 1136 жылы Барда резиденциясымен Арранға губернатор етіп тағайындады. Жергілікті әмірлермен қарым-қатынас орнатқан Ильдениз бүкіл Әзірбайжанды (негізінен Иранның солтүстік-батысындағы тарихи аймақ) бақылауға алады.
1163 жылы Шамсаддин Грузияға жорық жасап, грузин әскерлерін ауыр жеңіліске ұшыратып, олардың қол астындағы армяндардың Двин қаласын басып алды. 1166-1170 жылдары Шамсаддин Сюник армян патшалығын өз иелігіне қосып алды.
1175 жылы қайтыс болудан аз уақыт бұрын ол Ани қаласын Грузияға берді, улану салдарынан қайтыс болды.
Шаджар ад-Дурр Сұлтан (XIII - 1257 ж.)
Мысырдағы қыпшақ-мәмлүктерінен шыққан бірінші патшайым - Шаджар ад-Дурр.Шаджар ад-Дурр Египет билеушісі болған Айюби династиясының ұрпағы, Ас- Салих Айюбидың әйелі болған. Сондықтан ол қашанда сұлтанның жанында еріп жүрген, әскери саланы меңгерген.1249 жылғы крестік жорықтардың кезінде Ас- Салих Сұлтан қайтыс болады. Оның орнына Ас- Салихтың ұлы Тұраншах келеді. Ол өзінің тәкаппар қарым-қатынасымен қыпшақ-мәмлүктерді өзіне қарсы қояды. Өздерінің әскери күштерін сезінген мәмлүк әмірлері Бейбарыстың бастауымен сол жылы Тұраншахты өлтіреді.Тұраншах өлгеннен кейін Мысыр билігі қолдарына тұтас тиген қыпшақ-мәмлүктер сұлтандыққа Шаджар ад-Дуррды отырғызып, оның жанына атабек қылып Айбек ат-Туркуманиді бекітті. Шаджар ад-Дуррды билігі аз болса да, қыпшақ-мәмлүктердің билеу кезеңінің басына жол салды.